• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Тұрар Қазанғапов

    Қазақстан нысана көздеуден Олимпиадаға тағы екі лицензия алды

    Нысана көздеуден 5-18 қаңтар аралығында Индонезия астанасы Джакартада өтіп жатқан лицензиялық Азия чемпионатында отандастарымыз екі жолдаманы иеленді.

    50 метрлік қашықтықтан нысанаға винтовкамен ату сайысында Александра Ле 7-орынға тұрақтап, Париж Олимпиадасына қатысуға мүмкіндік алды.

    Бұл бағдарламада бұған дейін 2023 жылы Азия чемпионатында Арина Алтухова жолдама алған еді. Ал 25 метрден жылдам атылатын тапаншамен сынға түскен Никита Чирюкин іріктеу кезеңінде 584 ұпай жинап, финалға шықты. Содан кейін ол Азия чемпионы атанды. Сонымен қатар ол Париж Олимпиадасының да квотасын иеленді.

    Осылайша, әзірше нысана көздеуден ел қоржынында Париж Олимпиадасының бес жолдамасы (Ислам Сатпаев, Арина Алтухова, Константин Малиновский, Александра Ле, Никита Чирюкин) бар.

    Нысана көздеуде лицензия спортшының жеке өзіне емес, ұлттық федерацияға беріледі.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *