Иорданияның астанасы Амман қаласында өтетін бокстан Азия чемпионатына әйелдер құрамасының ізін ала Қазақстан ерлер командасы да аттанды. Ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Қайрат Сəтжановтың шəкірттері Алматы облысының Бәйтерек ауылындағы орталықта оқу-жаттығу жиынын өткізіп, шешуші жекпе-жектерге дайындықты аяқтады. Осы тұста кей салмақтарда бəсекелестік өте жоғары болғаны сонша, кімнің баратынын анықтау қиын болған екен. Мәселен, бапкерлерге 63,5 келіде «Елорда кубогы» халықаралық турнирінің жүлдегерлері ...
Read More »Tag Archives: Азия чемпионаты
«Дұғада болайық»: боксшы Қоңқабаев командаға қолдау білдіруге шақырды
Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының көшбасшысы Қамшыбек Қоңқабаев жанкүйерлерді Азия чемпионатының алдында командаға қолдау білдіруге шақырды. Бұл туралы ол Instagram-да айтты. Жеребе тартылды. Аллаға шүкір жігіттер бабында. Ендігі кезекте бағымыз қатар шауып, қазақ елін жеңіспен қуантсақ деген сенімдеміз. Қолдауларыңызды білдіріп, құрамаға жеңіс тілеп, ел абыройын қорғайтын батырларымызға дұға етіп қойыңыздар, — деді ол. Азия чемпионаты бүгін басталады. Қамшыбек Қоңқабаевтың өзі ел ...
Read More »Бокс: Қазақстан Азия чемпионаты басталмай жатып үш жүлде алды
Бокстан Қазақстан құрамасы Иорданияның астанасы Амман қаласында өтетін Азия чемпионаты басталмай жатып үш жүлде алды. Биылғы Азия чемпионатын Қазақстанның әйелдер құрама командасының сапындағы Мәдина Нұршаева (66 кг), Гүлсая Ержан (81 кг) мен Ләззат Күнгейбаева (+81 кг) финалдан бастайды. Сондықтан олар қазірдің өзінде қола жүлдені иеленіп отыр. Олардан басқа, Азия чемпионатында ел намысын Алуа Балқыбекова (48 кг), Назым Қызайбай (50 кг), ...
Read More »Қазақ боксшыларынан Азия чемпионатына кімдер қатысады?
30 қазан күні Иорданияның астанасы Амман қаласында бокстан ересектер арасында кезекті XXXII Азия чемпионаты басталады. Чемпионат 13 қараша күні аяқталады. Онда ерлер 13 салмақта, әйелдер 12 салмақта сынға түседі. Осы додаға Қазақстанның ұлттық құрама командасының сапында қатысатын боксшылардың тізімі белгілі болды. Бұл сынға ерлер арасында Санжар Тәшкенбай (48 кг), Сәкен Бибосынов (51 кг), Сабырхан Махмұд (54 кг), Серік Теміржанов 57 (кг), Саматәлі ...
Read More »Қазақстанда алғаш рет ММА-дан Азия чемпионаты өтеді
6-8 ақпан күндері Нұр-Сұлтан қаласында IMMAF Халықаралық аралас жауынгерлік жекпе-жек ұйымының директорлар кеңесі өтті, деп хабарлады қазақстандық ММА аралас жауынгерлік жекпе-жек федерациясының баспасөз қызметі. Оған IMMAF президенті Керит Браун, IMMAF директорлар кеңесінің мүшесі және Азия аймағы бойынша директоры Висам Аби Надер, Өзбекстан Республикасы аралас жауынгерлік жекпе-жек қауымдастығының вице-президенті Шерзод Тошматов және ММА қазақстандық аралас жауынгерлік жекпе-жек федерациясының бас директоры Валихан ...
Read More »Теңге ілу мен Аударыспақтан Азия чемпионаттары басталды
Бүгін Астанадағы «Қазанат» атшабарында 1-2 маусым күндері өтетін Теңге ілуден ІІ Азия және Аударыспақтан ІІІ Азия чемпионаттары басталды. Мәдениет және спорт министрлігі мен Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының ұйымдастыруымен Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы қарсаңында өткізілген Азия чемпионаттарында Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Моңғолия, Ресей, Ауғанстан, Қытай, Түркия мемлекеттерінің алпысқа жуық спортшылары бақ сынады. Теңге ілуден ІІ Азия чемпионатында оңтүстіктің оғланы Мағжан ...
Read More »Азия чемпионатына үш күн қалды
Азия чемпионатының жүлдесін сарапқа салатын шетелдік аударыспақшылар қатарында кімдер бар? Теңге ілушілер сайысына кімдер қатысады? Дүбірлі дода басталар уақыт таяу қалған сайын жанкүйер көкейін осындай сауалдардың мазалайтыны анық. Әрине, бірер күн бұрын барлық спортшылардың тізімі жарияланды. Қазақ елінің намысын қорғайтын аударыспақшылар мен теңге ілу шеберлері жан-жақты таныстырылды. Біз бүгін қолымызда бар деректер бойынша шетелдік спортшылардың бірқатарын оқырман назарына ұсынуды жөн ...
Read More »Теңге ілуден ІІІ Азия чемпионатына қатысатын спортшылар
Теңге ілу спортының қысқаша тарихы Ұзақ жылдар бойы той-мерекелерде шағын көрсетілім ретінде ғана ойналып келген Теңге ілу еліміздің ұлтжанды азаматтарының күш салуымен Тәуелсіздік жылдары ұлттық спорт ойыны дәрежесіне көтеріле бастады. Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы атқарған жүйелі жұмыстар 2013 жылдан бастап ұлттық спорт жарыстарын халықаралық деңгейде өткізуді бір ізге түсірді. 2007 жылы Теңге ілудің арнайы Ережесі жазылып, ұлттық спорт түрлерінен өткізілген ...
Read More »Аударыспақтан III Азия чемпионатына қатысатын елдер
Сонымен, Аударыспақтан ІІІ Азия чемпионатының басталуына 6 күн ғана қалды. Жарыс уақыты таяған сайын жанкүйер көңілін «бұл дүбірлі додаға қанша мемлекет қатысады екен?» деген сауалдың жиі мазалайтынын жақсы білеміз. Сондықтан біз бүгін оқырман назарына чемпионатқа қатысатын мемлекеттер спортшыларының толық тізімін ұсынуды жөн көрдік. Ешбір ел мұндай бәсекеге осал спортшыларын әкелмейтіні белгілі. Төмендегі тізім ішінде шет мемлекеттердің таңдаулы саңлақтары бар. Еске ...
Read More »Астанада Азия чемпионатының жалауы желбірейді
Астанада Теңге ілуден және Аударыспақтан Азия чемпионаттарын өткізуге байланысты баспасөз мәслихаты өтті. Оған Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен Қазақстан Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті, Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан қатысып, Астанада 1-2 маусымда өтетін Азия чемпионаттары туралы айтып, журналистердің сұрақтарына жауап берді. Жиында министр мен қауымдастық президенті Азия чемпионаттары жайлы ғана емес, жалпы ұлттық спорт саласындағы атқарылып жатқан ауқымды шаруалар туралы ...
Read More »