• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Алмат Кебіспаев қарсыласы қай елдің палуандары екенін айтты

    7 сәуір күні Астанада күрес түрлерінен Азия чемпионаты басталады. Оған палуан Алмат Кебіспаев қатысады.

    Грек-рим күресінен ҚР еңбек сіңірген спорт шебері. 2012 жылы Лондон қаласында өткен Олимпиадаға қатысушы, Азияның екі дүркін және бес мәрте әлем чемпионатының жүлдегері Алмат Кебіспаевпен хабарласып шағын сұхбат алдық.

    «Елордамызда өтетін Азия құрлығының додасына да аз күн қалды. Жарысқа дайындалып жатырмыз. Астанада чемпион атанып, Қазақ елін қуантуға бар күш-жігерімді саламын. 67 кг салмақта сынға түсемін. Бұл салмақта Оңтүстік Корея, Иран, Өзбекстан, Қырғыстан, Үндістан мемлекетінің палуандары басты қарсыласым болады. Төрт күн бұрын Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайына Қазақстан күрес федерациясының президенті Дәулет Тұрлыханов ағамыз келіп, балуандарымен кездесіп сәттілік тіледі. Жақсы күресіңдер деп қолдауын білдірді. Барымызды саламыз, жеңуге тырысамыз!», — деді ол.

     

    Айбек МҰХАНОВ,

    Маңғыстау облысы

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *