• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    «Сізбен бір комнатада жатайыншы деді» — Ермахан Ыбырайымовтың Саттарханов туралы сыры

    Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ыбырайымов өзінің командаласы әрі інісі болып кеткен Бекзат Саттарханов туралы естелігін айтты. Бұл туралы halyq-uni.kz хабарлады.

    Ермахан Ыбырайымовтың айтуынша, ол Бекзат сияқты еңбекқор боксшыны ешқашан кездестірмеген.

    Қазіргі жастармен кездескен кезде бәріне Бекзат Саттархановты үлгі қылып айтамын. 20 жасында Олимпиада чемпионы болу екінің бірінің, миллионның бірінің қолынан келе бермейтін іс. Бекзат олимпиадалық құрамаға қалай келді, ол бір сағатын, бір секундын да бос жіберген жоқ. «Үйрен де жирен» дейді. «Ермахан аға, сізбен бір комнатада жатайыншы. Анау қалай бокстасады? Мынау қалай жұдырықтасады», — деп сұрағын жаудыратын. Мен оның сұрақтарына жауап беруден шаршап: «Бекзат, айналайын, бүгінге боксты қоя тұрайықшы. Ертең жалғастырамыз», — деп айтатынмын.

    Ол теория, практика жүзінде боксты үйрене берді, үйрене берді. Міне, менің жаттықтырушым Тұрсынғали Еділов те оны еңбекқор деп айтып жатыр. Иә, еңбекқор. Бұрынғы қазақ ертегілерінде бала сағат сайын, минут сайын өсетін еді ғой. Сол сияқты, Бекзат Олимпиаданың әрбір жекпе-жегінде өсе түсті. Оның финалдағы қарсыласы Рикардо Хуарес еш жеңілмеген, әлем чемпионы атанған ең мықты боксшы болатын. Оны жеңеді деп ешкім ойлаған жоқ. Бірақ Бекзат оның да айласын тапты, — деді Ермахан Ыбырайымов.

    Сидней Олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттарханов тірі болса, 4 сәуір күні 43 жасқа толар еді. Ол 2000 жылдың 31 желтоқсанында жол апатынан қаза тапты.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *