• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Х Азия чемпионаты: Қазақстан алты алтын жүлде жеңіп алды (ФОТО)

    Астанада жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Х Азия чемпионаты аяқталды. Чемпионаттың соңғы күні Қазақстан спортшылары бес медаль жеңіп алды.

    Әуелі әйелдер арасында биіктікке секіру сайысында барлық медальді ұлттық құраманың спортшылары иеленді. Надежда Дубовицкая алтын медаль алса (1.89 метр), Кристина Овчинниковаға күміс жүлдені (1.89 метр, мүмкіндік саны жағынан есе жіберді, — ред.), Елизавета Матвееваға (1.84 метр) қола медальді иелденді. Мұндай жағдай бұрын-соңды болған емес. Азия чемпионатында алғаш рет болып отыр.

    Осыдан кейін эстафетада (4*400 м) еліміздің екі құрамасы жеңімпаз атанды.

    Құрамында Аделина Земс, Александра Залюбовская, Кристина Кондрашева мен Элина Михина бар әйелдер құрамы мен Андрей Соколов, Эльнор Мухитдинов, Вячеслав Земс пен Михаил Литвиннен жасақталған ерлер құрамасы алтын жүлде алды. Ерлер құрамасы осы қашықтықты 3.09.15 секундта жүгіріп, еліміздің жаңа рекордын жасады.

    Сондай-ақ Шэдрак Кимутай Коеч 3000 метрді 7.59.84 жүгіріп, үшінші орын алды.

    Азия чемпионатының соңғы күні  Давид Ефремов те елімізге тағы бір алтын медаль сыйлады. Ол 60 метрге кедергілер арқылы жүгіруде 7.65 секунд нәтиже көрсетіп, жабық кешендегі Азия чемпионы атанды.

    Осылайша, ұлттық құрама чемпионатта 6 алтын, 3 күміс пен 3 қола медальге ие болды.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    ФОТО: Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *