• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Алмат Кебіспаев үш дүркін Азия чемпионы бола ала ма?

    Жақын арада Астанада күрес түрінен Азия чемпионаты өтеді. Оған еліміздің атынан 35 жастағы Алмат Кебіспаев (67 кг) қатысады. Ол бұған дейін Азия чемпионатында 2 алтын, 3 күміс медаль алған.

    Кебіспаев жарыстың екінші күні боз кілемге шығатын болады.

    Бірінші жарыс күні (9 сәуір), грек-рим күресі бойынша 55, 63, 77, 87, 130 кг салмақтағылар белдеседі.

    Екінші жарыс күні (10 сәуір), грек-рим күресі бойынша 60, 67, 72, 82, 97 кг салмақтағылар күерсіп, чемпионатты аяқтайды.

    Барған сайыстарында құр қол келмейтін Алмат Кебіспаев бұған дейін біраз жетістіктерге жетті. Ол Азия ойындарында күміс, қола жүлдегер болды. Лондон Олимпидасына қатысты (2012 ж). Бес рет әлем чемпионатының жүлдегері (1 күміс, 4 қола) атанды.

    Енді Астанада өтетін Азия чемпионатында Алмат Кебіспаев жеңіске жете ала ма? Сіз қалай ойлайсыз?

     

    Айбек МҰХАНОВ,

    Маңғыстау облысы

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *