Су добынан Қазақстан құрамасы Сербияда өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды.
«Бече қаласында өткен жарысқа Еуропа мен Азия елдерінен 12 команда қатысты. Біздің спортшылар Испания, Германия, Сербия және басқа да мемлекеттерден келген қарсыластарынан басым түсті. Ал ұлттық құрама капитаны Егор Белоусов турнирдің үздік ойыншысы атанды.
Жас спортшыларымызды осы жеңісімен құттықтаймын және оларға сәттілік тілеймін. Сондай-ақ, қажырлы еңбектің арқасында осындай жетістікке жеткен жаттықтырушылар штабын да құттықтаймын.
Қазақстанда су добы спортының әлеуеті зор және Мәдениет және спорт министрлігі елімізде осы спорт түрін одан әрі дамыту үшін жұмыс жүргізетін болады»,- деп жазды министр өзінің Фейсбуктегі парақшасында.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА