• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: «Астана»

    Қазақстан футбол федерациясының жаңа Атқарушы комитеті сайланды

    Астанада Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаровтың төрағалығымен ҚФФ-ның кезектен тыс XXVIII конференциясы өтті, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы. Конференция жұмысына өңірлік федерация делегаттары, УЕФА президентінің ұлттық қауымдастықтар жөніндегі кеңесшісі Йозеф Климент және ФИФА аймақтық үйлестірушісі Марко Ферри, Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің бас хатшысы Әлімжан Ақаев, Туризм және спорт министрлігіне қарасты Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналин ...

    Read More »

    Қазақстан кубогы: Еркін күрес балуандары топ жарды

    Астана қаласындағы Qazaqstan жеңіл атлетика спорт кешенінде күрес түрлерінен Қазақстан кубогы жалғасып жатыр, деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Бүгін еркін күрестен 5 салмақтағы жүлдегерлер белгілі болды. Олардың есімін назарыңызға ұсынамыз: 57 кг: Алтын – Әділет Әлмұхамедов (Жамбыл облысы) Күміс – Абзал Өкенов (Астана қ.) Қола – Вагиф Гасанов (Алматы обл.) Қола – Дәулет Әмірхан ...

    Read More »

    Астанада денсаулық марафонына 50 қария қатысты

    Бүгін Астанадағы Ботаникалық бақта егде жастағы азаматтарға арналған «Денсаулық жолы: жүрек пен ми саулығы» атты скандинавиялық жүріс марафоны болды. Іс-шара Гедеон Рихтер Қазақстан компаниясы мен Есіл ауданы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Қатысушылар өз мысалдарымен белсенді ұзақ өмір сүруге шынайы мүмкіндік болатынын, ал жас — тек құжаттағы сан ғана екенін дәлелдеді, яғни бұл салауатты әрі белсенді өмір салтын ұстануға кедергі емес. Марафонның ...

    Read More »

    2027 жылы Астанада әлем чемпионаты болады — World Boxing

    World Boxing халықаралық федерациясы 2027 жылы Астанада бокстан әлем чемпионатын өткізу туралы шешім шығарды, деп хабарлады olympic.kz. Бұл әлемдік дода 2028 жылы АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өтетін жазғы Олимпиялық ойындар қарсаңында ұйымдастырылады. Чемпионаттың өткізілу мерзімі мен ұйымдастыру жұмыстары туралы қосымша ақпарат кейінірек хабарланатын болады. 2027 жылы Олимпиада алдында өтетін бокстан әлем чемпионаты – Қазақстан үшін үлкен мәртебе, әрі жауапкершілік. Біздің ел ...

    Read More »

    Юрий Щукин: «Команда жақсы ойнап, көздеген мақсатына жетті»

    Теннистен Қазақстан құрамасының капитаны Юрий Щукин Билли Джин Кинг кубогы аясында Астанада Кореямен екі күндік плей-офф матчын қорытындылады, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Өз елімізде Корея құрамасын жеңіп, онда барлық қыздарымыздың өнер көрсеткеніне өте қуаныштымын. Зарина ұзақ үзілістен кейін тамаша ойнады. Бұл оған күш қосады деп ойлаймын. Жұптық бәсекеде жеңіліп қалғанына қарамастан, команда мықты ойын өрнегін көрсетті. Екі күн бойы ...

    Read More »

    Астана тұрғыны 30 тонналық ұшақты орнынан қозғап, рекорд жаңартты (ВИДЕО)

    Астана қаласының тұрғыны, Ішкі істер министрлігінің қызметкері Бауыржан Қамалиев 30 тонналық МИ-17 ұшағын орнынан қозғап, рекорд жаңартты. Бұл – оның бесінші әлемдік рекорды, деп хабарлады Almaty.tv. Күштік экстриммен айналысатын ІІМ қызметкері әскери техниканы 10 метрге дейін сүйреп шығарады. Бұған дейін ол локомотив тарту бойынша әлемдік рекордты жаңартқан болатын. «Не бел кетеді, не белбеу кетеді» деген. Қиын, әрине. Пендеміз ғой, қолымнан келгенше ...

    Read More »

    Әзірше 89 ел Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысады

    Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу дирекциясы Астанада 8-13 қыркүйек аралығында өтетін көшпенділер ойынын тамашалауға келетін турист саны 100 мыңнан асуы мүмкін екенін хабарлады. Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының бағдарламасы спорт, мәдениет, ғылым сынды негізгі үш саланы қамтиды. Осы үш саланы біріктірудің арқасында көшпенділер мәдениетін зерттеп, әлемдік деңгейде насихаттау мүмкіндігі артады. 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарында ат спорты түрлері, ұлттық күрес түрлері, садақ ...

    Read More »

    Қазақстан сурдо футзалдан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

    Бүгін сурдо футзалдан әлем чемпионатының финалында Қазақстан құрамасы Иран командасымен кездесті. Ойынның негізгі уақытында командалар 3:3 есебімен тең түсіп, қосымша уақытта Қазақстан құрамасы 4:7 есебімен есе жіберді. Ойын тартысты болды. Құрама командамыз соңғы секундтқа дейін ойнады. Алайда қарсыластарымыз осал болмады. Иран командасы осымен екінші рет сурдо футзалдан әлем чемпионы атанып отыр.  Есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында футзалдан алғашқы әлем чемпионаты ...

    Read More »

    Астанада алғаш рет сурдо футзалдан әлем чемпионаты өтеді

    Астанада алғаш рет 21 жасқа дейінгі есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында сурдо футзалдан әлем чемпионаты өтеді. Оған Қазақстан, Бразилия, Украина, Оман, Иран, Әзербайжан, Тәжікстан, Таиланд, Сауд Арабиясы мен Өзбекстан командалары қатысады. Әлемдік доданың ашылу салтанаты мен ұлттық құраманың алғашқы ойыны 1-маусымда «Жекпе-жек» сарайында болады. Чемпионат 10-маусымға дейін жалғасады.   Құралай ӘШІМХАНОВА, АСТАНА

    Read More »

    1 маусымда Астанада бұқаралық велошеру өтеді

    Астана қаласында 1 маусымда есірткіге қарсы күрес және балаларды қорғау күніне орай бұқаралық велошеру өтеді, деп хабарлады қала әкімдігі. Велосипедшілер Қосшыға қарай жол бойындағы айналма веложолдан 25 шақырым қашықтықта «Жасыл белдеуде», яғни «Үркер» (Ильинка) тұрғын алабының саябағына дейін жүріп өтеді. Велошеруге қатысуға ниет білдірушілерді тіркеу сағат 07:00-ден 08:00-ға дейін болады. Шеру сағат 08:00-де басталады. Тіркелу тегін. Іс-шара аяқталғаннан кейін мәреде ...

    Read More »