• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Фото: Нұрғали Жұмағазы

    «Болашақ ойындары – 2026» турнирін жарты миллиардқа жуық халық тамашалады (фоторепортаж)

    Биыл 29 шілде мен 9 тамыз аралығында Астана қаласында өткен «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық турнирі еліміздің имиджін халықаралық аренада лайықты деңгейде көрсеткен іс-шараның бірі болды.

    Бүгін SportPress.kz ақпараттық-сараптамалық спорт сайты фототілші Нұрғали Жұмағазының жазды күні 12 күнге созылған жарыстан түсірген фотосуреттерін оқырман назарына ұсынуды жөн көріп отыр.

    «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық турниріне 50-ден астам елден 800-ден астам адам жиналып,  турнир трансляцияларын әлем бойынша 453 миллионнан астам көрермен қарады.

    Туризм және спорт министрлігінің мәліметіне қарағанда, жарысқа елорданың төрт спорт нысанында сегіз дисциплина бойынша өнер көрсеткен 108 команда қатысты. Турнирдің жалпы жүлде қоры 4,65 млн доллары болып, командалардың өнерін трибуналардан 29 мыңға жуық көрермен тамашалады.

    Турнир 289 арна, оның ішінде 56 медиа серіктес пен 229 стример арқылы таратылып, 150-ден астам ел мен аумақта 20 тілде қолжетімді болды. Қолда бар дерекке сүйенсек, жарысты жер-жүзінде 7,68 млрд адам қараған.

    Қазақстан командалары турнирдің барлық сегіз дисциплинасы бойынша бақ сынады. Отандық спортшылар үшін жарыстың басты жетістігі — Team KZ командасының Phygital Shooter (CS2) дисциплинасы бойынша чемпион атануы болды.

    Енді келесі жылы еліміз киберспорттан әлем чемпионатын өткізіп, цифрлық спорт саласындағы тағы бір ірі халықаралық жарыс алаңына айналады. Мұндай ауқымды турнирлерді өткізу отандық спортшылар мен киберспортшылардың кәсіби деңгейін арттыруға, халықаралық тәжірибе мен озық технологияларды тартуға, сондай-ақ дене шынықтыру, цифрлық дағдылар мен заманауи технологиялар өзара үйлесетін жаңа спорттық экожүйені қалыптастыруға мүмкіндік береді.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *