• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Олимпиада

    Канвон-2024: Қазақстан хоккейшілері қола жүлдені жеңіп алды (ФОТО)

    Оңтүстік Кореяның Канвон провинциясында өтіп жатқан IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан спортшылары тағы бір жүлдені жеңіп алды. Бұл жолы хоккейден құрама команда қола медаль үшін ойында Аустрия құрамасын 6:5 есебімен жеңіп, үшінші орынды иеленді. Бұл матч қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында алғаш рет 3×3 пішінінде болды. Онда команда құрамында Темірлан Айболұлы, Бексұлтан Мақыш, Арсений Кучковский, Әділхан Саттар, Никита Кулаков, Матвей Решетько, Расул ...

    Read More »

    Канвон – 2024: Олимпиадада хоккейшілер қола жүлдеге таласады

    Бүгін Канвон қаласында өтіп жатқан қысқы спорт түрлерінен IV жасөспірімдер Олимпиадасының бесінші жарыс күні ұлттық құраманың спортшылары төрт бағдарламада медаль үшін сынға түсті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы. Биатлоннан аралас командалық эстафетада (4×6 км) Қазақстан намысын Әлема Қарабаева, Эвелина Мезенцева, Кирилл Зотов пен Антон Редькин қорғап, 11-сатыға табан тіреді. Жарысты Әлема сөреде 26 құраманың ішінде 8-номермен ...

    Read More »

    Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Қарағандыдағы колонияға барды

    Бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Қарағанды колониясына барып, сотталғандармен кездесті. Polisia.kz-тің хабаралуынша, атақты спортшы ІІМ ҚАЖК «№ 29 мекеме» РММ-де  қатаң режимде жазасын өтеп жатқан сотталғандармен әңгімелесіп, олардың сұрақтарына жауап берді.  Одан кейін боксшы «Еңбек – Қарағанды» РМК өнеркәсіптік аймағына, тамақтанатын орынға және жатақхана жасақтарының бірінде болып, сотталғандардың тұрмыс жағдайымен танысты. Мен мұндай шалғай жерге бірінші рет келіп тұрмын. Бүгінгі ...

    Read More »

    Канвон-2024:Қазақстан хоккейшілері жартылай финалға шықты

    Оңтүстік Кореяның Канвон провинциясында қысқы спорт түрлерінен өтіп жатқан IV жасөспірімдер Олимпиадасының төртінші жарыс күні хоккейден Қазақстан құрама командасы Испания мен Ұлыбритания құрамасын жеңіп, жартылай финалға шықты, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы. Хоккейшілер Испания командасын 14:4, Ұлыбритания жасағын 22:13 есебімен жеңді. Енді 24 қаңтарда Қазақстан мен Латвия жартылай финалда күш сынасады. Олимпиадада спорттың басқа түрлерінен де ...

    Read More »

    Нысана көздеуден Әлем кубогына елімізден 15 мерген барады

    Нысана көздеуден еліміздің ұлттық құрамасы 24 қаңтар 1 ақпан аралығында Мысырдың астанасы — Каирде өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысады, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы. Онда әлемнің 66 елінен 625 спортшы бақ сынайды. Бұл жарыста Қазақстан намысын 15 спортшы қорғайды. Олар винтовкамен нысананы көздеушілер — Константин Малиновский, Никита Шахторин, Юрий Юрков, Елизавета Безрукова, Арина Алтухова, Александра Ле. ...

    Read More »

    Ильяны жасына қарамай, жарысқа апардық — жаттықтырушы Олимпиададағы жеңіс туралы

    Шаңғымен тұғырдан секіруден Қазақстан командасының аға жаттықтырушысы Қайрат Биекенов Оңтүстік Кореның Канвон провинциясының Каннын қаласында өтіп жатқан қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында алғашқы алтын медальді жеңіп алған Илья Мизерныхтың тарихи жеңісі туралы айтты. Olympic.kz-тің хабарлауынша, Олимпиада басталмай тұрып, Биекенов Илья Мизерныхтан үлкен үміт күтетінін, оның бас жүлдені жеңіп алуға мүмкіндігі көп екенін айтқан болатын. Білікті жаттықтырушының болжамы дәл келіп, жарыстың бірінші күні ...

    Read More »

    Канвон- 2024: Полина Омельчук – қола жүлдегер! (ВИДЕО)

    IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында шорт-тректен финалда бақ сынаған Полина Омельчук 3-орынға ие болды. 1.Ли Жинзи — 1:40.803 2.Янг Жингру — 1:40.996 3.Полина Омельчук — 1:41:600 Қазақстан құрамасының қоржынында екінші медаль бар! Шын жүректен Полинаны құттықтаймын! Алған бетіңнен қайтпа, сені әлі де биіктерден көретінімізге сенімдімін,- деді Ермек Маржықпаев. Осылайша, Олимпиаданың 2 күнгі қорытындысы бойынша Қазақстан қоржынында 1 алтын, 1 қола жүлде ...

    Read More »

    Канвон-2024: Илья Мизерных Олимпиада чемпионы атанды (ВИДЕО)

    Шаңғымен тұғырдан секіру сайысында 38 қарсыласпен сынға түскен Илья Мизерных Олимпиада чемпионы атанды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. 1.Илья Мизерных — 214 ұпай 2.Ники Хаммл — 210,7 ұпай 3.Лукаш Лукащук — 209,7 ұпай 30.Илья Шильников — 124,4 ұпай Қысқы жасөспірімдер Олимпиадасындағы алғашқы алтын медаль құтты болсын, Қазақ елі! Бұл – жасөпірімдердің қысқы Олимпиадасы тарихында біздің спортшылар жеңіп алған тұңғыш ...

    Read More »

    IV Қысқы жасөспірімдер Олимпиадасы басталды (ВИДЕО)

    Оңтүстік Кореяның Канвондо провинциясында IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасы ресми түрде басталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Олимпиаданың ашылу салтанаты 8 мың адам сиятын Купол Ёнпон спорт кешенінде болды. Бұған дейін Купол Ёнпон сарайы 1999 жылы IV қысқы Азия ойындарының ашылу және жабылу рәсімдерін өткізген еді. Спортшыларды Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль мен ХОК басшысы Томас Бах құттықтады. Іс-шарада ...

    Read More »

    IV Қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының ашылу салтанаты басталды (ВИДЕО)

    Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында IV Қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының ашылу салтанаты басталды.  Оның ашылу рәсімі Каннын қаласындағы Gangneuung Oval спорт кешенінде болып жатыр. Бұл жерде конькимен жүгіру спортынан жарыстар ұйымдастырылады. Қазір спорт кешенінде әлемнің түкпір-түкпірінен келген елдердің спортшылары өз мемлекеттерінің туын көтеріп, құрамаларын таныстыруға дайындалып отыр. Трансляция Olimpics.com веб-сайтынан беріліп жатыр. Корея Республикасында ұйымдастырылатын IV Қысқы жасөспірімдер Олимпиадасы 19 қаңтар мен ...

    Read More »