Байдарка мен каноэде есуден Жапонияның Токио қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан командасы тағы төрт лицензияны жеңіп алды.
Екілік каноэде 500 метрге жарысудан сынға түскен түскен Маргарита Бровкова мен Руфина Искакова жолдамаға ие болды.
Олар финалдық кезеңде бірінші болып келді. Ал бұл қашықтықта жолдама тек жеңімпаз спортшыларға беріледі.
Содан кейін байдарка мен каноэде есуден Сергей Токарницкий мен Бекарыс Раматулла Париж Олимпиадасының лицензиясын жеңіп алды.
Ескек есушілер екі адамдық байдаркамен 500 метрге жарысудан жеңімпаз атанып, Олимпиада жолдамасына иелік етті.
Сөйтіп, бүгін ескек есушілер Олимпиадаға осымен алты лицензияны алып отыр.
Бұған дейін Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров жұптық сында Олимпиада жолдамасын жеңіп алған болатын.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА