• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Теннис

    Уимблдон турнирі: Қазақстан теннисшілері қомақты табыс тапты

    Қазақстан теннисшілерінің Уимблдон турнирінде қанша табыс тапқаны белгілі болды. Теннис федерациясының хабарлауынша, жекелей сында ширек финалға дейін жеткен Елена Рыбакина 340 мың фунт стерлинг (194 075 525 теңге) тапты. Жекелей сында төртінші айналымнан аса алмаған Александр Бублик 207 мың фунт стерлинг (118 157 746 теңге) алды. Юлия Путинцева жекелей (55 мың фунт стерлинг немесе 31 394 570 теңге) және жұптық ...

    Read More »

    Уимблдон турнирі: Рыбакина жартылай финалға шыға алмады

    Рыбакина Уимблдон турнирінің жартылай финалына шыға алмады. Теннисші ширек финалда әлемнің 6-ракеткасы, тунистік Онс Жабермен кездесіп, алғашқы партияда 7:6 есебімен ұтса, да кейінгі екі сетте 4:6, 1:6 есебімен жеңіліп қалды. Екі сағатқа жуық уақытқа созылған матчта Рыбакина 7 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. Енді Онс Жабер финалға шығу үшін әлемнің 2-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен кездеседі. Ол дүниежүзілік рейтингте ...

    Read More »

    Уимблдон турнирі: Рыбакина ширек финалға шықты

    Қазақстанның бірінші, әлемнің 3-ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Рыбакина төртінші айналымда әлемнің 13-ракеткасы, бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен ойнады. Бұл жолы бірінші партияда Рыбакина 3:1 есебімен брейкпен алға шықты. Содан кейін өз геймін алды. Есеп – 4:1. Осы сәтте медициналық көмекке жүгінген бразилиялық теннисші матчты жалғастырудан бас тартты. Елена Рыбакина жартылай финалға шығу үшін ...

    Read More »

    Уимблдон турнирі: Елена Рыбакина төртінші айналымға шықты

    Қазақстанның бірінші, әлемнің 3-ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің төртінші айналымына шықты. Рыбакина үшінші айналымда Ұлыбританияның бірінші, әлемнің 89-ракеткасы Кэти Бултермен ойнады. Олар кортта алғаш рет кездесті. Лондонда жаңбыр жауып, матчтың өзі біршама уақытқа кешігіп басталды. Бірінші партияда Елена Рыбакина брейк жасап, 3:1 есебімен алға шықты. Сосын тағы бір брейк жасап, есепті 5:1-ге жеткізді. Сөйтіп, өз геймін қиналмай ұтты. Есеп – ...

    Read More »

    Рыбакинаның суреті бейнеленген пошта маркасы шығарылды

    Әлемнің 3-ракеткасы, Уимблдон турнирінің жеңімпазы Елена Рыбакинаның суреті бейнеленген «Қазпошта» маркасында шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Бұл – ел тарихында теннисшінің суреті басылған бірінші пошта маркасы. Елена Рыбакина елімізде теннистің кеңінен таралуына және насихатталуына көп еңбек етіп келеді. Сондай-ақ әлемде еліміздің абыройын арттыруға өз үлесін қосып жатыр. Теннисшінің суреті бейнеленген пошта маркасы «Спорт» сериясы бойынша «Қазақстан чемпиондары. Елена Рыбакина» ...

    Read More »

    Бублик Уимблдон турнирін жеңіспен бастады

    Әлемнің 26-ракеткасы Александр Бублик Уимблдон турнирін жеңіспен бастап, жарыстың екінші айналымына шықты. Ол алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 54-орында тұрған америкалық Маккензи Макдональдпен ойнап, оны 6:7 (3:7), 6:4, 6:4, 6:4 есебімен ұтты. Бірінші партияда тай-брейкте америкалық спортшы сәтті ойнап, Бубликті 7:6 (7:3) есебімен жеңді. Одан кейін екінші сетте есеп 4:4 болған кезде Бублик брейк жасап, есепті 6:4-ке жеткізді. Үшінші сетте қазақстандық теннисші ...

    Read More »

    «Ол – мықты ойыншы»: Рыбакина Уимблдондағы алғашқы қарсыласы туралы айтты

    Әлемнің 3-ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турниріндегі алғашқы қарсыласы әлемнің 49-ракеткасы америкалық Шелби Роджерс туралы айтты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Екеуінің ойыны 4 шілдеге белгіленген. Біз Шелби екеуіміз бірнеше рет ойнадық. Ұмытпасам, екі рет көгалдағы төсеніште кездестік.  Сөз жоқ, ол – мықты ойыншы, допты қатты береді. Сондықтан маған оңайға болмайды. Біз бір-бірімізді жақсы білеміз. Қолымнан келгенше бәрін жасауға тырысамын. Алғашқы ...

    Read More »

    Зарина Дияс тенниске қайта оралатынын мәлімдеді

    Теннисші Зарина Дияс кортқа қайта оралатынын мәлімдеді. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. 29 жастағы Дияс соңғы рет бір жарым жыл бұрын екі матч қана өткізді. Ол Australian Open-2022 додасында алғашқы айналымда отандасы Елена Рыбакинаға есе жіберді. Ал былтыр «Ролан Гаррос» турнирінің іріктеу сайысында ұтылып қалды. Ұзаққа созылған жарақатына байланысты әлемнің бұрынғы 31-ракеткасы кортқа орала алмай жүрген болатын. Достар, ...

    Read More »

    Рыбакина Уимблдон турниріне үшінші ракет болып тіркелді

    Қазақстанның жұптық сындағы үздік теннисшісі Елена Рыбакина Уимблдон турниріне үшінші ракетка болып тіркелді. Ол осымен Уимблдон турниріне екінші рет қатысады. Былтыр теннисші турнирге алғаш рет қатысып, жеңімпаз атанған болатын. Қазақстанның ерлер арасында – бірінші, әлемнің 27-ракеткасы Александр Бублик Уимблдонда алғаш рет таңдаулы теннисшілер қатарында күш сынасады. Жуырда ол Германияның Галле қаласында өткен жарысты жеңіп алған. Уимблдон турниріне Бублик 24-ракетка болып ...

    Read More »

    Рыбакина турнирге қатысудан бас тартты

    Қазақстан теннисшісі, әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина Ұлыбританияның Истборн қаласында болатын турнирге қатыспау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) хабарлады. «Ролан Гаррос» турнирі кезінде өзімді жайсыз сезініп, жарыстан шығып қалдым. Қонақ үйдің номеріне барғанда дене қызуым одан сайын көтеріліп, басымды көтере алмай қалдым. Сенесіздер ме, бір апта ешқайда шықпай қонақ үйде жаттым. Сосы өз-өзіме келгендей болып, Германиядағы ...

    Read More »