• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Теннис

    Бейбіт Жұқаев Жапониядағы турнирді жеңіспен бастады

    Бейбіт Жұқаев Жапониядағы Йоккаити челленджер турнирін жеңіспен бастады. Әлемнің 315-ракеткасы, Ақтау теннис мектебінің түлегі, 22 жастағы Жұқаев бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 402-орында тұрған жапониялық Юта Шимизумен өткізді. Теннисші 6:1, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Бейбіт ширек финалға шығу үшін әлемнің 173-інші, жарыстың 3-ракеткасы, тағы бір жапониялық Есуке Ватанукимен кездеседі.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА 

    Read More »

    Ева Корышева Испанияда абсолютті чемпионы атанды

    Ева Корышева Испанияда атақты теннисші Хуан Карлос Ферреро академиясында 14 жасқа дейінгілер арасында өткен үшінші санаттағы Tennis Europe турнирінің абсолютті чемпионы атанды. Додаға АҚШ, Австралия, Румыния, Италия, Германия, Аргентина, Бельгия сынды елдерден мықты ойыншылар қатысып, бақ сынады. Ақтөбе теннис мектебінің түлегі, 13 жасар Корышева жекелей және жұптық сында үздік шықты. Ева жекелей сында финалда осы жарыстың бірінші ракеткасы, мажарстандық Грета ...

    Read More »

    Рыбакина «Жыл ойыншысына» үміткер атанды

    Маусым қорытындысы бойынша әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) марапатына үміткерлер анықталды. Еліміздің бірінші ракеткасы, «Уимблдон-2022» турнирінің жеңімпазы Елена Рыбакина «Жыл ойыншысы» аталымы бойынша үміткерлер қатарына кірді. Сондай-ақ, жоғары марапатқа әлемнің бірінші ракеткасы, «Ролан Гаррос», US Open және тағы алты жарыстың жеңімпазы, Польшаның теннисшісі Ига Швентек, дүниежүзілік рейтингіде екінші тұрған US Open және «Уимблдон» турнирінің финалисі, Мадрид пен Берлин чемпионы, тунистік Онс ...

    Read More »

    Мария Лукьянова турнирдің жеңімпазы атанды

     Ливанның Джеззин қаласында WTT Youth Contender Jezzine халықаралық үстел теннисі турнир өтіп жатыр. Осы турнирде 11 жасқа дейінгі жас санатында Мария Лукьянова (Қарағанды) алтын медаль жеңіп алды. 13 жасқа дейінгі спортшылар арасында ширек финалға Дарья Фу (Қарағанды), Айназ Адилгереева (Алматы), Мария Лукьянова (Қарағанды) жетті.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Елена Рыбакина Қазақстан командасына жолдама алып берді

    Шотландияның Глазго қаласында теннистен командалық әлем чемпионаты – Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңінде «С» тобында Қазақстан құрамасы Ұлыбританияның командасын ұтып, ширек финалға шықты. Кездесудің екінші ойынында Қазақстанның бірінші, әлемнің 22-ракеткасы Елена Рыбакина мен дүниежүзілік рейтингте 98-сатыда тұрған Хэрриет Дарт кездесті. Онда Рыбакина бірінші партияда есеп 1:1 болғанда қатарынан бес геймді ұтты. Есеп –  6:1. Екінші сетті отандасымыз 2:0 есебімен ...

    Read More »

    Алматыда теннистен TS CUP жұптық жарысының жалауы желбіреді

    11 қыркүйек күні Алматы қаласындағы ЦСКА ҚТФ теннис орталығының корттарында Серік Төлбасов Қорының қолдауымен теннис жанкүйерлері арасында TS CUP финалдық турнирі өтті. Әуесқой теннисшілер жұптық жарыста күш сынасып, 3 млн теңге болатын жүлде қорын сарапқа салды. Бұл жарыс биылғы 20 сәуір күні басталған серияда төртінші, қорытынды жарыс болды. Бір жыл ішінде TS CUP турнирлеріне Қазақстаннан 37 спортшы қатысты. Жарыстың жүлде ...

    Read More »

    Қазақстандық теннисшілер әлемдік топтың плей-офф кезеңіне шықты

    Бүгін, 8 сәуір күні Дэвис кубогының Азия және мұхит аймағы елдері арасындағы іріктеу сындарының екінші кезеңінің жұптық сайысы өтті. Бұл кезеңде  Андрей Голубев және Александр Недовесов  қытайлық теннисшілермен күш сынасты. Жұптық сайыс 3:6, 6:1, 5:7, 6:1, 6:3 есебімен отандастарымыздың пайдасына шешілді.

    Read More »