• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Теннисші Данилина микстен АҚШ чемпионы атанды

    Теннисші Анна Данилина микстен алғаш рет АҚШ чемпионы атанды.

    Анна Данилина аралас жұпта финалда финляндиялық Харри Хелиоваарамен бірге жарыстың бірінші ракеткалары, америкалықтар Джессика Пегула мен Остин Крайчекпен бас жүлдені сарапқа салды.

    Бірінші партияда қазақстандық-финляндиялық жұп брейк жасап, сол басымдықты 6:3 есебімен сақтап қалды.

    Олар екінші сетті де брейкпен бастағанымен, америкалықтар таразы басын теңестірді. Есеп – 2:2. Содан кейін Анна мен Харри тағы бір брейкке жасап, матчты 6:4 есебімен ұтты. Олар бір сағаттан астам уақытқа созылған ойында 7 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды.

    Осылайша, Анна Данилина қазақстандық теннисшілерден алғаш рет микстен «Үлкен дулыға» турнирінің жеңімпазы атанды.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *