• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Путинцева Осака турнирінің ширек финалына шықты

    Қазақстанның екінші, әлемнің 88-ракеткасы Юлия Путинцева Жапонияның Осака қаласында өтіп жатқан  WTA 250 турнирінің ширек финалына шықты.

    Путинцева екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 171-орында тұрған ресейлік Валерия Савиныхпен ойнап, оны 6:1, 6:2 есебімен жеңді.

    Матч бір сағат 19 минутқа созылды. Осы уақытта Путинцева 1 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді. Валерия Савиных 1 эйспен ғана шектелді.

    Юлия Путинцеваның ширек финалдағы қарсыласы кейін анықталады.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *