• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Юлия Путинцева

    Рыбакина мен Путинцева ширек финалға шықты

    Қазақстан теннисшілері Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева АҚШ-тың Майами штатында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлады Қазақстан  теннис федерациясы. Рыбакина төртінші айналымда әлемнің 18-ракеткасы, 2017 жылғы АҚШ чемпионатының финалисі, америкалық Мэдисон Кизбен ойнады. Киз Рыбакина үшін қолайсыз қарсылас деуге болады. Олар осыған дейін үш рет кездессе, соның екеуінде америкалық спортшы жеңіске жеткен еді. Бұл жолы бірінші ...

    Read More »

    Путинцева Қытайдағы жарыстың жартылай финалына шықты

    Қазақстанның екінші, әлемнің 81-ракеткасы Юлия Путинцева теннистен Қытайдың Гуанчжоу қаласында өтіп жатқан WTA 250 турнирінің жартылай финалына шықты. Путинцева ширек финалда әлемнің 48-інші, осы жарыстың 3-ракеткасы, германиялық Татьяна Мариямен кездесіп, оны 6:4, 7:6 (8:6) және 6:0 есебімен жеңді. Енді Юлия Путинцева финалға шығу үшін әлемнің 27-інші, турнирдің 1-ракеткасы, Польша өкілі Магда Линеттпен кездеседі. Осы турнирден кейін Путинцева Азия ойындарына қатыспайды. ...

    Read More »

    Путинцева Осака турнирінің ширек финалына шықты

    Қазақстанның екінші, әлемнің 88-ракеткасы Юлия Путинцева Жапонияның Осака қаласында өтіп жатқан  WTA 250 турнирінің ширек финалына шықты. Путинцева екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 171-орында тұрған ресейлік Валерия Савиныхпен ойнап, оны 6:1, 6:2 есебімен жеңді. Матч бір сағат 19 минутқа созылды. Осы уақытта Путинцева 1 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді. Валерия Савиных 1 эйспен ғана шектелді. Юлия Путинцеваның ширек финалдағы ...

    Read More »

    Путинцева «Ролан Гаррос» турнирінің үшінші айналымына шықты

    Юлия Путинцева «Ролан Гаррос» турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 19-ракеткасы, қытайлық Чжэн Циньвэньмен кездесіп, оны бірінші партияда 6:3 есебімен ұтты. Екіншісінде қытайлық спортшы 6:4 есебімен есе қайтарды. Үшінші сетте Путинцева 6:2 есебімен ұтты. Енді Путинцева төртінші айналымға шығу үшін әлемнің 30-ракеткасы, америкалық Слоан Стивенспен ойнайды.

    Read More »

    Путинцева «Ролан Гаррос» турнирінің екінші айналымына шықты

    Әлемнің 58-ракеткасы Юлия Путинцева «Ролан Гаррос» турнирінің екінші айналымына шықты. Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 89-орында тұрған Бельгияның атынан сынға түсіп жүрген тегі украиналық Марина Заневскаямен кортта кездесті. Теннисшілер матчты брейк алмасумен бастады. Дегенмен, Марина Заневская бұдан кейін қатарынан үш геймді алды. Есеп – 4:1. Одан кейін Юлия Путинцева да да қалыспай, есеп 3:5 болғанда қарсыласының сетті алуына мүмкіндік берген ...

    Read More »

    Теннистен Қазақстан құрамасы Польшамен матчта алға шықты

    Астанадағы Ұлттық теннис орталығында теннистен Билли Джин Кинг кубогының (командалық әлем чемпионаты) іріктеу кезеңі аясында Қазақстан мен Польша арасындағы матч болды. Кортқа алғашқы болып Қазақстаннан әлемнің 45-ракеткасы Юлия Путинцева мен Польша құрамасынан дүниежүзілік рейтингте 19-орында тұрған Магда Линетт шықты. Осыған дейін қарсыластар өзара жеті рет кездесіп, соның бесеуінде Магда Линетт жеңіске жеткен еді. Бірінші партияда поляк спортшысы 4:0 есебімен алға ...

    Read More »

    Australian Open-2023: Қазақстан теннисшілері екінші айналымға жолдама алды

    Теннистен Австралияда өтіп жатқан Үлкен дулыға» турнирінде әйелдер арасында әлемнің 47-ракеткасы Юлия Путинцева, ерлер арасында  Александр Недовесов пен Андрей Голубев жұптық сында екінші айналымға шықты. Әуелі Путинцева әлемнің 42-ракеткасы, румыниялық Сорана Кырстямен кездесіп, оны бірінші партияда 6:2, содан кейін 6:4, 6:3 есебімен ұтты. Екі сағатқа жуық уақытқа созылған матчта Путинцева 3 эйспен бірге бес брейк-пойнтты түгел пайдалана білді. Енді Қазақстан теннисшісі ...

    Read More »

    Australian Open-2023: Юлия Путинцева екінші айналымға шықты

    Әлемнің 47-ракеткасы Юлия Путинцева Австралия ашық чемпионатының екінші айналымына шықты. Отандасымыз алғашқы кездесуін әлемнің 42-ракеткасы, румыниялық Сорана Кырстямен өткізіп, оны 6:2, 6:4, 6:3 есебімен ұтты. Бұл матч екі сағатқа жуық уақытқа созылды. Онда Ю.Путинцева 3 эйспен бірге бес брейк-пойнтты түгел пайдалана білді. Қарсыласы 3 эйс, 4 брейкпен (12 брейк-пойнт) шектелді. Енді Путинцева үшінші айналымға шығу үшін әлемнің 31-ракеткасы, чехиялық Каролина ...

    Read More »

    Юлия Путинцева Австралиядағы жарыстың ширек финалына шықты

    Әлемнің 51-ракеткасы Юлия Путинцева Австралияның Хобарт қаласында өтіп жатқан WTA 250 турнирінің ширек финалына шықты. Путинцева екінші айналымда әлемнің 77-ракеткасы, испаниялық Нурия Парризас-Диаспен кездесті. Путинцева қарсыласынан 6:2, 6:3 есебімен басым түсті. Енді ол жүлде қоры 259 303 АҚШ долларына бағаланған жарыстың жартылай финалына шығу үшін әлемнің 72-ракеткасы, ресейлік Анна Блинковамен кездеседі.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Теннисші Юлия Путинцева Ресейде жеңіске жетті

    Юлия Путинцева мен Евгений Донской командалық жарыс – «Солтүстік Пальмира трофейлері» турнирінің жеңімпазы атанды. Олар турнирдің финалында Мартон Фучович – Анастасия Потапова дуэтін жеңді. Финал үш матчтан тұрды. Бірінші кездесуде Путинцева  Потапованы 6:3, 6:1 есебімен жеңсе, Донской Фучовичтен 6:4, 6:4 есебімен ұтылды. Содан кейін Путинцева/ Донской – Потапова/ Фучович кездесуі  3:6, 6:3, 10:6 есебмен аяқталды.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »