• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қазақстан теннис федерациясы

    Рыбакина мен Путинцева ширек финалға шықты

    Қазақстан теннисшілері Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева АҚШ-тың Майами штатында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлады Қазақстан  теннис федерациясы.

    Рыбакина төртінші айналымда әлемнің 18-ракеткасы, 2017 жылғы АҚШ чемпионатының финалисі, америкалық Мэдисон Кизбен ойнады.

    Киз Рыбакина үшін қолайсыз қарсылас деуге болады. Олар осыған дейін үш рет кездессе, соның екеуінде америкалық спортшы жеңіске жеткен еді.

    Бұл жолы бірінші партияда есеп 4:3 болған кезде Рыбакина брейк жасай алды. Сосын сетке доп бергенде, өз мүмкіндігін жіберген жоқ. Бірінші партия  6:3 есебімен Қазақстан теннисшісінің пайдасына шешілді.

    Екінші сетте Рыбакина брейкпен алға шықты. Дегенмен Киз де қалыспады. Ол есепті теңестіріп кетті.  Есеп 5:5 болған кезде отандасымыз тағы бір брейк жасап, содан кейін матчты 7:5 есебімен аяқтады.

    Енді Рыбакина жартылай финалға шығу үшін әлемнің 9-ракеткасы, грекиялық Мария Саккаримен кездеседі.

    Юлия Путинцева 1/8 финалда әлемнің 36-ракеткасы, украиналық Ангелина Калининамен сынға түсті.

    Бірінші партияда Путинцева 4:0 есебімен алға шықты. Содан кейін ол қарсыласына бір брейк беріп қойғанымен, өз дегеніне жетті. Бірінші партиядағы есеп 6:4 болды.

    Екіншісі сетте Калинина 4:1 есебімен алға шықты. Дегенмен Путинцева таразы басын теңестіріп, тай-брейкте7:6 (7:5) есебімен жеңіске жетті.

    Юлия Путинцева жартылай финалға шығу үшін кезінде дүниежүзілік рейтингіде көш бастаған, қазір 32-орындағы Беларусь өкілі Виктория Азаренкоменнемесе әлемнің 30-ракеткасы, ұлыбританиялық Кэти Бултермен ойнайды.

    Путинцеваның рейтингідегі орнына келсек, ол WTA Live тізімінде 52-орынға көтерілді.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *