Бокстан Әзербайжанның астанасы — Бакуде болып жатқан «Ұлы Жібек жолыһ» халықаралық турнирінде еліміздің бес былғап шебері жартылай финалға шықты.
Баку шаршы алаңында Теміртас Жүсіпов (48 кг), Талғат Сырымбетов (60 кг), Дархан Дүйсебай (71 кг), Бекзат Таңатар (86 кг) мен Сағындық Тоғамбай (92 кг) ½ финалда рингке көтеріледі.
Бүгін кейбір салмақ дәрежелерінде жартылай финал айқастары басталады. Шаршы алаңға Қазақстанның үш боксшысы шығады. 67 келі салмақ дәрежесіндегі Бақтияр Смағұлов Өзбекстан боксшысы Шавкатжон Болтаевпен ширек финалдық жекпе-жегін өткізсе, 86 келідегі Бекзат Таңатар алаң иесі Мурат Аллахвердиевпен, 92 келідегі Сағындық Тоғамбай ресейлік Рамазан Ханалиевпен жартылай финалда жұдырықтасады.
Кешегі жарыс күнінде Қазақстан командасының төрт боксшысы қарсыластарынан жеңілген болатын. Дамир Әбдіқадыр (51 кг) ирандық Мэхди Парвизиге, Серік Теміржанов (63,5 кг) әзербайжан Руслан Рустамовқа, Тимур Нұрсейітов (75 кг) Өзбекстан боксшысы Әлішер Аюповқа, Қамшыбек Қоңқабаев (+92 кг) ресейлік Рамазан Карнукаевқа есе жіберді.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА
View this post on Instagram