• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қазақстан теннис федерациясы

    Путинцева WTA 250 турнирінің жеңімпазы атанды

    Теннисші Юлия Путинцева Ұлыбританияның Бирмингем қаласында өткен WTA 250 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.

    Финалда теннисші дүниежүзілік рейтингіде 190-орында тұрған Аустралия өкілі Айла Томляновичті 6:1, 7:6(8) есебімен жеңді.

    Бірінші партияда Путинцева үш брейк жасап, партияны 6:1 есебімен аяқтады. Екінші партияда да  2:0 есебімен алға шыққанымен, оның қарсыласы дес бермеді. Енді Айла Томлянович 5:3 есебімен алға шықты.

    Дегенмен Юлия Путинцева таразы басын теңестіріп, тай-брейкте 7:6 (10:8) есебімен басым түсті.

    Осылайша, Путинцева алғаш рет көгал төсенішіндегі WTA турнирінде топ жарды. Бұған дейін ол 2019 жылы Нюрнберг, 2022 жылы Будапешт додасында жеңімпаз атанған еді.

    Путинцева енді Бад-Хомбург WTA 500 турнирінде бақ сынайды.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *