• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Clive Brunskill

    WTA 1000 турнирі: Рыбакина Путинцеваны жеңіп, алғаш рет жартылай финалға шықты (ВИДЕО)

    Қазақстанның бірінші ракеткасы  Елена Рыбакина алғаш рет Испанияның Мадрид қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты.

    Рыбакина ширек финалда отандасы, әлемнің 50-ракеткасы Юлия Путинцевамен ойнады.
    Осыған дейін өзара екі кездесуде Путинцева Рыбакинаны екі рет жеңген еді.

    Бұл жолы бірінші партияда Юлия Путинцева қарсыласын 6:4 есебімен жеңгенімен, екінші және үшінші партияда Рыбакина отандасымызды 7:6 (7:4), 7:5 есебімен басым түсті.

    Енді Елена Рыбакина финалға шығу үшін әлемнің екінші ракеткасы, осы жарыстың былтырғы жеңімпазы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен кездеседі.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *