Қазақстанның бірінші, әлемнің 6-ракеткасы Елена Рыбакина алғаш рет Рим WTA 1000 турнирінің төртінші айналымына шықты. Қазақстан теннисшісі үшінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 57-орында тұрған ресейлік Анна Калинскаямен кездесіп, оны уақытынан бұрын жеңген еді. Олай дейтініміз, Калинская жарақатына байланысты жарысты жалғастырудан бас тартқан болатын. Осы матчта Рыбакина 3 эйс,1 брейк жасап үлгерді. Ал матчтың өзі 35 минут қана болды. Енді Рыбакина ширек ...
Read More »Tag Archives: Теннис
Теннистен Қазақстан құрамасы алғаш рет әлем чемпионатының топтық кезеңіне шықты
Осы күндері Қазақстан құрамасы Шымкент қаласында 16 жасқа дейінгілер арасында Азия – Тынық мұхит аймағы бойынша Juniors Davis Cup әлем чемпионаты іріктеу турнирінің ширек финалында Австралия құрамасын 2:0 есебімен ұтты. Австралия – 16 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионатын 6 рет жеңген команда. Осы матчтың есебінен кейін 16 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы алғаш рет әлем чемпионатының топтық кезеңіне шықты. Бір апта ...
Read More »Теннистен жасөспірімдер құрамасы тұңғыш рет әлем чемпионатына жолдама алды (ВИДЕО)
Теннистен Қазақстан құрамасы 16 жасқа дейінгілер арасында Азия — Тынық мұхиты аймағы бойынша Шымкент қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының іріктеу турнирінің финалына шығып, алғаш рет әлемдік додаға жолдама алды. Қазақстан теннисшілері әлемнің үздік командаларының бірі, «Билли Джин Кинг» кубогын бес рет жеңіп алған Австралия құрамасын 2:0 есебімен ұтты. Командалардың бірінші кездесуінде Аринаоа Гогулина жасыл құрлықтың өкілі Анна Субасичті 7:5, 3:6, ...
Read More »Теннистен Қазақстан құрамасы әлем чемпионаты іріктеу турнирінің ширек финалына шықты
Теннистен Қазақстанның қыздар құрамасы Шымкент қаласында 16 жасқа дейінгілер арасында Азия – Тынық мұхит аймағы бойынша өтіп жатқан әлем чемпионаты іріктеу турнирінің ширек финалына шықты. Бүгін қыздар құрамасы Иран командасымен кездесті. Күннің желді болғанына қарамастан, теннисшілеріміз қолайсыз ауа райына тез бейімделгенін көрсетіп, қарсыластарын ұтты.. Әуелі Анастасия Крымкова бір сағаттан сәл астам уақытқа созылған кездесуде Атфи Нитиді 6:3, 6:3 есебімен жеңді. ...
Read More »Рыбакина әлемнің алтыншы ракеткасы атанды
Еліміздің жекелеген сындағы бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Испанияның Мадрид қаласында өтіп жатқан Мастерс турнирінің қарсаңында тунистік теннисші Онс Жабер жарақатына байланысты жарысқа қатысудан бас тартқаннан кейін әлемдік рейтингте алтыншы орынға көтерілді. Сөйтіп, Жабер былтыр Мастерс турнирінде жинаған 1000 ұпайын жоғалтып, оның орнына Рыбакина шықты. Испания астанасындағы WTA 1000 және ATP 1000 жарыстары 25 сәуір – 6 мамыр, 26 сәуір – 7 ...
Read More »Рыбакина уақытынан бұрын ойынды тастап кетті
Елена Рыбакина Гекрманияның Штутгарт қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінде жарақатына байланысты бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен ойынды жалғастыра алмады. Ол екінші сетте төрешіге жамбас жарақатының мазалап тұрағанын ескертіп, кездесуді тоқтатты. Сөйтіп, ол ¼ финалға шыға алмады. Рыбакина кездесудің бірінші сетінде қарсыласынан 1:6 есебімен жеңіліп, екінші сетте медициналық көмекке жүгінгеннен кейін есеп 1:3 болып тұрғанда матчты жалғастырудан бас тартты. Дастан ...
Read More »Рыбакина WTA 500 турнирін жеңіспен бастады
Қазақстанның жекелеген сындағы бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Германияның Штутгарт қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирін жеңіспен бастады. Ол турнирдегі алғашқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 65-орында тұрған германиялық Юле Нимайермен өткізді. Қарсыластардың бұған дейін өзара жолдары тоқайласпаған еді. Елена Рыбакина бір жарым сағатқа созылған матчта 7:5, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Қазақстан теннисшісі 9 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың үшеуін өз есебіне жазды. ...
Read More »Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы алғаш рет үздік жетілікке кірді
Билли Джин Кинг кубогының жаңартылған рейтингінде Қазақстан әйелдер құрама командасы 10-орыннан бірден 6-орынға көтерілді. Теннистен ұлттық құрама АҚШ, Германия, Италия, Румыния, Бельгия, Ұлыбритания секілді командаларды артқа қалдырды. Жақында Қазақстан әйелдер командасы Астанада өткен Билли Джин Кинг кубогының іріктеу кезеңінде Польша теннисшілерін 3:1 есебімен ұтып, командалық әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алған болатын. Бұл кездесуде Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева жекелеген ...
Read More »Теннистен Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына жолдама алды (ФОТО)
Астанадағы теннистен өткен Билли Джин Кинг кубогының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан мен Польша командаларының матчында еліміздің бірінші, әлемнің жетінші ракеткасы Елена Рыбакина қарсыласы әлемнің 19-ракеткасы Магда Линетті ұтты. Кеше 2:0 есебімен алға шыққандықтан, Қазақстан құрамасына командалық әлем чемпионатына жолдама алу үшін енді бір ғана жеңіс жеткілікті еді. Бірінші партияда есеп 4:4 болған кезде Рыбакина брейк жасап, сосын сетке доп бергенде, ...
Read More »Теннистен Қазақстан құрамасы Польшамен матчта алға шықты
Астанадағы Ұлттық теннис орталығында теннистен Билли Джин Кинг кубогының (командалық әлем чемпионаты) іріктеу кезеңі аясында Қазақстан мен Польша арасындағы матч болды. Кортқа алғашқы болып Қазақстаннан әлемнің 45-ракеткасы Юлия Путинцева мен Польша құрамасынан дүниежүзілік рейтингте 19-орында тұрған Магда Линетт шықты. Осыған дейін қарсыластар өзара жеті рет кездесіп, соның бесеуінде Магда Линетт жеңіске жеткен еді. Бірінші партияда поляк спортшысы 4:0 есебімен алға ...
Read More »