• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қазақстан теннис федерациясы

    Меруерт Каукеева теннистен төрешінің күміс белгісін алды

    Меруерт Каукеева мінбедегі төрешінің күміс белгісіне ие болды. Сөйтіп ол әлемдік төрешілер қауымдастығынан мұндай жоғары атақ алған екінші қазақстандық қазы атанды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.

    Теннис федерациясының мәліметіне қарағанда, «Күміс белгі» (Silver Badge) төрешілерге кәсіби қызметіне қарап беріледі. Бұл белгіні алу үшін кемінде 60 матчқа төрелік ету керек. Бұл матчтардың бәрі халықаралық деңгейде өткізілетін ойындар болу керек. Сондай-ақ «Алтын белгі» санатындағы төрешілер мен супервайзерлерден жоғары баға алғаннан кейін ITF, ATP, WTA және Grand Slam жиналыс өткізіп, мұндай атаққа лайықтыларды таңдайды.

    «Күміс белгісі» бар төрешілер «Үлкен дулыға», ITF, ATP, WTA аясында өткізілетін басқа да жарыстарда қазылық ете алады.

    Былтыр қарашада елімізден Юлия Игнатченко бірінші болып «Күміс белгіге» ие болған еді.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *