Түркияның Ыстамбұл қаласында 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында үшінші санаттағы Tennis Europe турнирі мәресіне жетті.
Қазақстан теннис федерациясының хабарлауынша, жарыста еліміздің жас теннисшілері табысты өнер көрсетті.
Жекелей сында Роберт Каминский финалға дейін жетіп, бас жүлде үшін бәсекеде ресейлік Никита Бердинге жол берді – 1:6, 2:6.
Жұптық сындағы финалда Қазақстан теннисшілері Александр Софрыгин мен Егор Сорокин және Аңсар Ниетқалиев пен Жантөре Санжарұлы өзара кездесті. Үш сағатқа созылған тартысты матчта Александр Софрыгин мен Егор Сорокин жеңіске жетіп, жеңімпаз атанды. Есеп 1:6, 6:3, 10:8 болды.
Қыздар арасында Руслана Русланова ресейлік Виктория Хастцаевамен бірге соңғы бәсекеде ресейліктерТатьяна Головина мен Мария Масляковаға есе жіберді. Бұл матч 6:2, 5:7, 6:10 есебімен аяқталды.