Астана қаласында Қазақстан теннис федерациясының жыл сайынғы конференциясы болып жатыр. Осы жиында конференцияның делегаттары мен федерация филиалдарының өкілдері Болат Өтемұратовты алдағы төрт жылға Қазақстан теннисі ұйымының басшысы етіп сайлады, деп хабарлады Теннис федерациясы.
Болат Өтемұратов 2007 жылдан бері федерацияға жетекшілік етіп келеді. Бүгінде елде 48 қазіргі заман сай жасалған теннис орталықтары болса, ондағы 364 корттың басым бөлігі – жабық корттар. 30 мыңдай бала тенниспен айналысса, 3 500 бала тегін жаттығады. Олаорға қажетті киім мен ұлттық және халықаралық турнирлерге қатысу үшін федерациядан қаржылай көмек беріледі. Осы жылдар ішінде федерация балалармен жұмыс істейтін 300 жаттықтырушы мен 500 нұсқаушыны дайындап шығарды.
Елімізде 2020 жылдан бері ұлттық жарыстармен (жылына 200-дей) қатар ATP 250 турнирлері де ұйымдастырылады. 2022 жылы жарыс деңгейі АТР 500-ге дейін көтерілді.
Жасөспірімдердің табыстары ерекше қуантады. Жуырда 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында еліміздің бозбалалар мен қыздар құрамалары командалық әлем чемпионатында өнер көрсетті.
Былтыр 14 жасқа дейінгілер арасында Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында үздік төрт команданың қатарына кірді. Ал 2023 жылдың қорытындысы бойынша жасөспірімдер арасында ITF рейтингісінде ТОП-100-ге екі теннисшіміз енді. Қазір Әмір Омарханов – 57, Асылжан Арыстанбекова 66-орында тұр.
Халықаралық теннис федерациясының бағалауы бойынша 2021 жылыҚазақстан теннистің дамуы жөнінен әлемдегі 20 үздік елдің қатарына кірді. Бұл ретте ойыншылар мен салынған корттар саны және ұлттық құраманың Олимпиадалардағы, Дэвис кубогы мен Билли Джин Кинг кубогындағы табыстары секілді критерийлер есептелді.
Еске сала кетейік, биылғы қыркүйек айында Болат Өтемұратов Халықаралық теннис федерациясының (ITF) директорлар кеңесіне үшінші рет сайланды.