Теннисші Анна Данилина аралас жұпта АҚШ ашық чемпионатының финалына шықты.
Ол финляндиялық Харри Хелиоваарамен бірге жартылай финалда жапон теннисшісі Ена Шибахара мен хорват спортшысы Мате Павич жұбымен кездесіп, қарсыластарын 7:6 (7:2), 6:4 есебімен ұтты.
Бұл матч бір жарым сағатқа созылды. Кездесуде қазақстандық жұп 4 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Қарсылас дуэт 3 эйс, 2 брейкпен (6 брейк-пойнт) шектелді.
Енді Данилина мен Хелиоваара финалда америкалықтар Джессика Пегула – Остин Крайчек жұбымен бас жүлдені сарапқа салады. Соңғы ойын 9 қыркүйекке белгіленген.
Сондай-ақ, теннисшіДенис Евсеев Түркияның Ыстанбұл қаласында өтіп жатқан жарыстың ширек финалына шықса, Тимофей Скатов Испанияның Севилья қаласында челленджер турнирінде Михаил Кукушкинді ұтып, ¼ финалға жолдама алды.
Жібек Құламбаева Италиядағы турнирдің ширек финалына шықты.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА