• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Матчқа 100 пайыз дайынбыз! — Асхат Тағыберген

    Қазақстан мен Финляндия командаларының матчы алдында ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Магомед Адиев, команданың ойыншылары Асхат Тағыберген мен Бахтиер Зайнутдинов ойынға 100 пайыз дайын екендерін айтты.

    Біз матчқа 100 пайызға дайынбыз. Жанкүйерлерімізді жеңіспен қуантқымыз келеді. Біз бұған дейін де ойнадық. Енді Қазақстан құрамасының жанкүйерлерін тағы да қуантамыз деп үміттенеміз.

    Әрине, ойынға біз дайынбыз. Ертегі атанған Даниямен ойыннан кейін тағы да жеңіске жетеміз деп сенеміз. Бұрын Финляндияны жеңген жоқпыз ба? Дәл осындай жағдай Даниямен де болды.

    Біз жанкүйерлер үшін, халқымыз үшін ойнаймыз.  Ертең бізге сенетін және бізден жеңіс күтетін барлық жанкүйерлерді күтеміз!

    Біз биылға дейін Данияны да жеңбеген едік.  Ал биыл Дания құрамасын жеңдік. Сондықтан ертеңгі матчта Финляндияны ұтуға тырысамыз, – деді команда капитаны Асхат Тағыберген.

    Ал Бахтиер Зайнутдинов елімізге келіп, ұлттық құрамаға қосылғанына қуанышты екенін атап өтті.

    Жақсы көңіл-күйдеміз. Мен барлық жігіттерді сағындым. Қазақстанды сағындым. Ертеңгі ойынға дайындалып жатырмыз.  Бізді ертең тамаша кеш күтіп тұр.  Біз оны асыға күтіп жүрміз.

    Финляндия үш күннен бері жасанды төсеніште жаттығып жатыр. Олар алаңға үйреніп алған.

    Ең бастысы, бізге жеңіс керек. Ойында команда құрамында кімнің гол салғаны маңызды емес. Бізге жеңіске жету маңызды, – деді ол.

    Сондай-ақ ол Түркияның «Бешикташ» клубына қатысты сұраққа жауап беріп, аздап қымбат бағаға сатылып кеткенін жасырмады.

    ЦСКА мені аздап қымбат бағаға сатты. Мен мұны күтпеп едім, — деді футболшы.

    Ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы жаңа футболшылардың шақырылғанын, осы жігіттер ұжымға тез сіңісіп, командаластарына үлкен қолдау болатынына сенім білдірді.

    Ертең – 7 қыркүйекте Астанада кешкі сағат 20:00-де 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында Қазақстан мен Финляндия ұлттық құрамаларының матчы басталады.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    ФОТО: Жандос САРДЕНОВ,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *