• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Волейболдан АЧ: Қазақстан құрамасы бесінші орын алды

    Волейболдан әйелдер арасында Таиландтың Накхонратчасима қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы бесінші орын алды.

    Қазақстан құрамасы чемпионаттағы соңғы ойынында Оңтүстік Корея командасын жеңгенімен, турнир кестесінде бесінші орынды қанағат тұтты.

    Құрамалар бесінші орын үшін ойнаған еді. Бұл жолы ұлттық құрама бірінші сетте 26:24 есебімен жеңсе, екіншісінде 25:23 есебімен басым түсті.

    Шешуші үшінші сетте қарсыласын 25:23 есебімен ұтты.

    Осылайша жалпы есепте 3:0 есебімен жеңіп, бесінші орынды иеленді.

    Ұлттық құрама бұған дейін плей-офф сатысында Австралия волейболшыларын 3:2 (25:16, 21:25, 19:25, 25:15, 15:12) есебімен жеңген болатын. Одан кейін D тобында Филиппин жасағын тай-брейкте 3:2 (25:21, 17:25, 24:26, 27:25, 15:6), Гонконг командасын 3:0 (25:16, 25:23, 25:17) есебімен ұтса, Қытай қыздарынан 0:3 (12:25, 21:25, 10:25 ) есебімен жеңілді.

    Оның алдында Жапония жасағына 0:3 (13:25, 20:25, 18:25) есебімен есе жіберсе, Үндістан құрамасынан 3:0 (25:17, 25:17, 25:21) есебімен басым түсті.

    Бүгін Азия чемпионатының финалындаТаиланд пен Қытай құрамалары кездеседі.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *