• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Теннистен Қазақстан құрамасы Дэвис кубогына дайындықты бастады

    Теннистен Қазақстан ұлттық құрама командасы 16-17 қыркүйекте София қаласында Болгария командасымен өтетін Дэвис кубогының плей-офф матчына дайындықты бастады, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.

    Қазір команда капитаны Юрий Щукиннің жетекшілігімен Александр Бублик, Тимофей Скатов, Михаил Кукушкин, Андрей Голубев пен Александр Недовесов жаттығып жатыр.

    Екі елдің құрама командалары Дэвис кубогының плей-офф кезеңінде алғаш рет кездесетін болады. Осыған дейін Болгария командасы Дэвис кубогының финалдық кезеңіне мүлдем шығып көрген емес.

    16 қыркүйекте жекелей сында екі матч болады. 17 қыркүйекте бір жұптық, тағы екі жекелей кездесу өтеді. Матч жеңімпазы алдағы жылдың ақпанында Дэвис кубогының финалдық кезеңіне жолдама алу үшін сынға түседі.

     

    ФОТО: Қазақстан теннис федерациясы

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *