• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Қазақстан Олимпиадаға 100-ге жуық лицензия алуды мақсат етіп отыр  

    Келесі жылы Францияның астанасы – Париж қаласында өтетін Олимпиадаға дайындық аясында Қазақстанның құрама командалары 80-нен астам әлемдік рейтингтік турнирлерге қатысады. Лицензиялау кезеңі Олимпиаданың басталуына бір ай қалғанда аяқталады, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.

    Туризм және спорт министрлігі Қазақстан командасын Париж Олимпиадасына дайындау үшін ұлттық құраманың жұмысын ұйымдастыруға арналған жедел штаб құрды. Сондай-ақ, жазғы спорт түрлері бойынша спортшылар мен еліміздің штаттық құрама командаларын даярлау және олардың Олимпиадаға қатысуын қамтамасыз ету жөніндегі бағдарлама бекітілді, — деді министрліктің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов.

    Осы жарыстардың қорытындысы бойынша спортшыларымыз Париж Олимпиадасына 100-ге жуық лицензия алуды жоспарлап отыр.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *