Таеквондошы Ботагөз Қапанова Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан Chuncheon Korea Open (G2) халықаралық турнирінде қола жүлдегер атанды, деп хабарлады Қазақстан таеквондо федерациясы. Ол жартылай финалда Қытай спортшысына есе жіберді. (WT) Chuncheon Open турнирі G2 санатына жатады. Жарыс әлемнің үздік таеквондошылары қатысатын дода болып саналады.
Read More »Tag Archives: турнир
Жас теннисшілер Қырғызстандағы турнирде үздік шықты
Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында 18 жасқа дейінгі жастар арасында теннистен ITF Juniors J30 турнирі аяқталды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Бозбалалар арасында Даниель Юрекли финалда америкалық Аруша Котені 6:2, 6:1, 6:3 есебімен жеңді. Бұл — Даниельдің ITF Juniors жарысындағы алғашқы титулы. Сондай-ақ Родион Лукашов пен Тимур Сауленко жұптық сында үздік шықты. Олар соңғы бәсекеде жергілікті теннисшілер Давид Могилевский мен Никита Клетцовтан ...
Read More »Қазақстан таеквондошылары Оңтүстік Кореяда алты медаль жеңіп алды
Таеквондодан Оңтүстік Кореяның Муджу қаласында өтіп жатқан World Taekwondo Diamond Game 2025 G-4 турнирінде Қазақстан құрамасы алты медаль жеңіп алды. Ұлттық құрама аралас командалық сайыста финалға дейін жетті. Алайда шешуші жекпе-жекте Өзбекстанның B құрамасынан 0:2 есебімен жеңіліп, күміс медальді қанағат тұтты. Ұлттық Олимпиадалық комитетінің хабарлауынша, құрама сапында Мерген Ғаниев, Абдурахмон Марипов, Камила Аймұқашева мен Аида Тәукенова ел намысын қорғады. Сонымен бірге Қазақстан ...
Read More »Жібек Құламбаева Нидерландта жартылай финалға жолдама алды
Теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Нидерландтың Гаага қаласында өтіп жатқан ITF W75 турнирінің жартылай финалына шықты. Ол украиналық Валерия Страхова екеуі жарыстың 1-ракеткалары болып тіркеліп, доданы бірден ширек финалдан бастады. Құламбаева мен Страхова испаниялық Кристина Дьяс-Адровер мен нидерландылық Антония Стояновпен ойнап, жеңіске жетті. Бірінші партияда испан мен нидерландылық дуэт 6:4 есебімен басым түсті. Екінші сетте Құламбаева – Страхова 6:1 есебімен ...
Read More »Әмір Омарханов алғаш рет Уимблдон турнирінің 1/2 финалына шықты
Теннисші Әмір Омарханов жасөспірімдер арасында жұптық сында Уимблдон турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Ол ресейлік Егор Плешивцевпен бірге ширек финалда оңтүстікамерикалық Коннор Доиг пен үндістандық Криш Тьяджимен ойнады. Бірінші партияны Омарханов пен Плешивцев брейкпен аяқтады. Есеп — 6:4. Олар екінші сетте де 4:2 есебімен алға шыққанымен, қарсыластары таразы басын теңестірді. Дегенмен тай-брейкте Әмір Омарханов пен Егор Плешивцевтің ...
Read More »Даниил Медведев Almaty Open ATP 250 турнирінде ойнайды
Әлемдік теннис шебері, әлемнің экс-бірінші ракеткасы, US Open-2021 чемпионы, Австралия ашық чемпионаттарының финалисі (2021, 2022, 2024), 2020 жылғы ATP қорытынды турнирінің жеңімпазы, жекелей сында 20 ATP жарысында үздік шыққан, 2021 жылғы Дэвис және ATP кубогының иегері Даниил Медведев Алматы қаласында 11-19 қазанда өтетін Almaty Open ATP 250 додасына қатысатынын растады, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Медведевтің қатысуы жарыс деңгейін көтеріп, ...
Read More »Жібек Құламбаева — ITF W15 турнирінің жеңімпазы!
Әлемнің 306-ракеткасы Жібек Құламбаева Сербияның Курсумлийска Баня қаласында өткен ITF W15 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Ол жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркеліп, финалда дүниежүзілік рейтингіде 751-орында тұрған сербиялық Драганья Вуковичпен алтын жүлдені атақты сарапқа салды. Бірінші сетте Жібек Құламбаева 2:0 есебімен алға шыққанымен, корт иесі таразы басын теңестірді. Есеп – 2:2. Дегенмен, Құламбаева тағы бір брейк жасап, ...
Read More »Анна Данилина әлемдік рейтингіде көтерілді
Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сында жаңартылған рейтингіні жария етті, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Жекелей сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 11-орнын сақтап қалса, Юлия Путинцева 34-тен 33-ке көтерілді. Зарина Дияс 274-тен бірден 246-ға жоғарыласа, Жібек Құламбаева 306-да қалды. Өткен аптада Истбурн WTA 250 турнирінде үздік шыққан Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина 9-дан 8-ге шықты. ...
Read More »Еркін күрес: Түркияда Әлішер Ерғали мен Начын Куллар күміс жүлдегер атанды
Түркияның Коджаэли қаласында күрес түрлерінен Яшар Догу, Вехби Эмре мен Хамит Капланды еске алуға арналған халықаралық турнир аяқталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Финалда Қазақстан спортшылары тағы екі жүлде алды. Онда Начын Куулар (-70 кг) мен Әлішер Ерғали (125 кг) күміс медалист болды. Начын жарыс қожайыны Хайдар Ювуздан, Әлішер Мохсен Мансұр Сиярдан (Германия) жеңілді. ...
Read More »Түркияда Нұрқожа Қайпанов пен Ризабек Айтмұхан алтын жүлдені жеңіп алды
Грек-рим күресінен Түркияның Коджаэли қаласында өтіп жатқан Яшар Догу, Вехби Эмре және Хамит Каплан атындағы халықаралық турнирде Қазақстан құрамасының үш балуаны жүлдені жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спорт істері және дене шынықтыру комитеті. Турнирде Нұрқожа Қайпанов (-74 кг) пен Ризабек Айтмұхан (-97 кг) жеңімпаз атанса, Азамат Дәулетбеков (-86 кг) екінші орынды иеленді. Нұрқожа Қайпанов финалда Рамазан Рамазановты ...
Read More »