АҚШ-тың Норвуд қаласында мәнерлеп сырғанаудан өтіп жатқан Cranberry Cup International 2025 атты Челленджер сериясындағы халықаралық турнирінде Софья Самоделкина қысқа бағдарламада 65.80 ұпай жинап, 20 спортшы қатысқан сында екінші орын алды. Бүгін Софья Самоделкина еркін бағдарламада сынға түседі. Әйелдер арасындағы жарыс Астана уақытымен сағат 18:00-де басталады. Жалпы, бұл жарысқа 20 елден 99 спортшы қатысып жатыр. Осыған дейін Софья Самоделкина 2026 жылы ...
Read More »Tag Archives: турнир
Зәуреш Ақашева — WTT Feeder турнирінің қола жүлдегері!
АҚШ-тың Спокане қаласында үстел теннисінен өткен WTT Feeder халықаралық турнирінде ұлттық құрама команданың өкілі Зәуреш Ақашева қола жүлдегер атанды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Ол жұптық сында словениялық Анна Тофантпен бірге ойнап, қола медаль үшін матчта жеңіске жетті.
Read More »Украина теннисшісі Рыбакинамен ойнаудан бас тартты
Қазақстанның бірінші, әлемнің 12-ракеткасы Елена Рыбакина Канаданың Монреаль қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Ол ширек финалда әлемнің 28-ракеткасы, украиналық Марта Костюкпен ойнады. Осыған дейін қарсыластар үш рет кортқа шығып, соның екеуінде Рыбакина жеңген еді. Бұл жолы бірінші партияда Рыбакина айқын басымдылық танытты. Есеп 6:1 болды. Екінші сетте есеп 2:1 болған кезде ...
Read More »Рыбакина Канадада камбэк жасады
Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Канаданың Монреаль қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің ширек финалына шықты. Ол турнирдің төртінші айналымда украиналық Даяна Ястремскаяны (WTA рейтингінде 35-орында) 5:7, 6:2, 7:5 есебімен жеңді. Матч 2 сағат 33 минутқа созылды. Осы уақытта Рыбакина жеті эйс жасап, тоғыз қос қателік жіберді. Тоғыз брейк-пойнттың бесеуін сәтті пайдаланды. Енді Елена Рыбакина жартылай финалға ...
Read More »17 жастағы Дамир Жалғасбай алғаш рет ересектер арасындағы турнирді жеңіп алды
17 жастағы Дамир Жалғасбай жұптық сында Испанияның Хатива қаласында өткен ITF M15 турнирінде жеңімпаз атанды. Ол латвиялық Артурс Загарспен бірге барлық ойынды жеңіспен аяқтады. Финалда Жалғасбай мен Загарс швейцариялық Адриен Бурде мен мексикалық Алан Сау Франкомен бас жүлдені сарапқа салып, қарсыластарын 6:2, 6:1 есебімен жеңді. Осылайша, Дамир Жалғасбай спорттық жолында ересектер арасындағы алғашқы титулын жеңіп алды. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »Шахматтан ӘЧ: Қазақстан пара спортшылары тоғыз медаль алды
Үндістанның Гоа қаласында шахматтан 21-30 шілде аралығында өткен әлем чемпионатында Қазақстан командасының пара спортшылары тоғыз медаль жеңіп алды. Бұл әлемдік додаға 18 елден 100-ден астам спортшы қатысты. Ол шахматтың классика, блиц және рапид ойын түрлерінен болды. Чемпионатта классикалық шахматтан Аяулым Қамбарова, Бақытжан Майкенов пен Әлімжан Аяпов қола жүлдені иеленсе, блиц ойын түрінен Аяулым Қамбарова мен Бақытжан Майкенов күміс, ал Серік ...
Read More »Заңғар Нұрланұлы алғаш рет челленджер турнирінің ширек финалына шықты
Астанада Президент кубогы үшін теннистен өтіп жатқан челленджер турнирінде Заңғар Нұрланұлы сенсациялық нәтижеге жетті, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Заңғар Нұрланұлы жұптық сында словакиялық Михал Крайчимен бірге алғашқы айналымда поляк Олаф Печковски мен үндістандық Сингх Каранды 6:4, 6:1 есебімен жеңді. Бұл Заңғар Нұрланұлының спорттық жолындағы челленджер додасындағы алғашқы жеңісі болып отыр. Отандасымыз ең шешуші тұстарда шеберлігін көрсетіп, сәтті ойнай білді. ...
Read More »Басқарманың волейболдан бастамасы
Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының «Дүйсенбілік спорт» жобасы аясында NEET санатындағы жастар арасында волейболдан өткен турнир мәресіне жетті. Social project management орталығының ұйымдастыруымен өткен жарысқа «Саламат», «Байсат», «Алтын орда», «Тастақ» және басқа да базарлардан және жұмыссыз жастардан құралған 16 команда қатысты. Алғашқы күн турнирдің іріктеу ойындарына арналды. Әр командада қыздар мен жігіттер аралас болды. Төрт топқа бөлінген командалар өзара бақ ...
Read More »Александр Бублик — ATP 250 турнирінің үздік теннисшісі!
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Австрияның Кицбюэль қаласында жалауы желбіреген ATP 250 турнирінің жеңімпазы атанды. Ол финалда әлемнің 100-ракеткасы, франциялық Артур Казоны 6:4, 6:3 есебімен жеңді. Бұл жеңіс — Александр Бубликтің ATP жарысындағы жетінші жеңісі. Сонымен бірге ол биыл үшінші рет теннис турнирінің жеңімпазы атанып отыр. Енді ол алдағы дүйсенбіде жаңартылатын рейтингіде 25-орынға көтеріледі. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »WTT Youth Contender: Қазақстан үстел теннисінен үш жүлде алды
Алматыда үстел теннисінен өтіп жатқан WTT Youth Contender халықаралық ірі турнирінде отандастарымыз үш медальді жеңіп алды. Бұл жүлденің бәрі – қола медаль. Қыздар арасындағы U13 санатында Жәния Бекмұхамбетова финалға шығу үшін Тайбэй өкілі Ляо Юй Цзинге 0:3 есебімен жеңіліп қалды. Осы жас санатында Арайлым Сапабек те ½ финалда ресейлік Элеонора Ширяеваға 2:3 есебімен есе жіберді. Одан кейін Нұрдәулет Азаматұлы (U13) ...
Read More »
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары