• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: турнир

    Жасөспірімдер таэквондодан Австриядағы турнирде төрт жүлде алды

    Австрияда таэквондодан (WT) AustrianOpen турнирі аясында жасөспірімдер мен жастар арасында жарыстар болды, деп хабарлады Қазақстан таэквондо федерациясы. Бұл турнирде Қазақстан жасөспірімдер мен жастар құрамасы 1 алтын, 3 қола жүлде жеңіп алды. Ел құрамасынан Мирас Пазылов (33 кг) жеңіс тұғырына көтерілсе, Ралиф Сазазов (49 кг), Әлихан Өмірәлі (57 кг) мен Айгерім Бекжанқызы (68 кг) қола медальге ие болды. Сондай-ақ еліміздің ересектер ...

    Read More »

    Қазақстан Мәскеуде академиялық есуден үш медаль алды

    Ресейдің астанасы – Мәскеу қаласында академиялық есуден өткен халықаралық турнирде Қазақстан құрамасы үш жүлдеге ие болды. Әйелдер арасында LW1x санатында (2000 метр) Мария Чернец 8:37.35 уақыт көрсеткішімен қола жүлдені жеңіп алса, спринт жарысында (500 метр) Иван Чернухин мен Владислав Яковлев 1:35.27 нәтижемен күміс жүлдені иеленді. Осы бағдарламада Тимур Фомичев пен Ярослав Мельников 1:40.71 уақытпен үшінші орынға шықты.   Дастан КЕНЖАЛИН, ...

    Read More »

    Анастасия Рыпакова — Korea Open Athletics Meeting турнирінің күміс медалисі!

    Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Анастасия Рыпакова Оңтүстік Кореяның Йечхон қаласында өтіп жатқан Korea Open Athletics Meeting турнирінде күміс жүлдені жеңіп алды, деп хабарлады Ұлттық Олимпиадалық комитет. Ол ұзындыққа секіру сайысында екінші орынға ие болды. Анастасия Рыпакова 5.92 метрге секірді. Бірінші орынды оңтүстіккореялық Ю Чон Ми (6.04 м) иеленсе, қола жүлде Таиланд спортшысы Паринья Чуаймаруэнгке (5.54 м) бұйырды.  

    Read More »

    Нидерландтағы турнирде бес қазақ боксшысы финалға шықты

    Нидерландтың Эйндховен қаласында бокстан Eindhoven Cup халықаралық турнирі болып жатыр. Осыдан бірнеше күн бұрын басталған додаға Қазақстан құрама командасы да қатысуда. Қолда бар мәліметке қарағанда, кеше ұлттық құраманың сегіз боксшы жартылай финалға шықты. Олардың арасынан бесеуі финалға жолдама алса, үшеуі қола жүлдені қанағат тұтты. Жекпе-жектердің нәтижесі:   50 кг. Даниял Сәбит (Қазақстан)  Редуан Ассаины (Бельгия) нокаутпен жеңді. 65 кг. Ертуган ...

    Read More »

    Астанада арбадағы теннистен алғашқы ITF Futures Series турнирі аяқталды

    Астанада арбадағы теннистен ITF Futures Series бойынша алғашқы турнирдің жеңімпаздары анықталды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Орталық Азия бойынша алғаш рет ұйымдастырылған жарысқа АҚШ, Жапония, Австралия, Франция, Оңтүстік Корея, Үндістан, Польша, Қырғызстан, Ресей, Беларусь және өз еліміздің өкілдері қатысып, бірнеше күн бойы бақ сынасты. Ерлер арасында жекелей сында тұрақты ойын өрнегін көрсеткен жапониялық Фудзимото Ёшинобу чемпион атанса, австралиялық Мартин Данн ...

    Read More »

    Түркістанда Мұхтархан Ділдәбековтың жүлдесі үшін халықаралық бокс турнирі басталды (ФОТО)

    Түркістан қаласындағы «Olympic Center» спорт кешенінде бокстан Сидней Олимпиадасының және әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия ойындарының чемпионы,  Бокс федерациясының вице-президенті Мұхтархан Қобыланбекұлы Ділдәбековтың жүлдесіне арналған жастар арасындағы XIII халықаралық турнирдің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Іс-шарада Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп пен Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ибраимов ...

    Read More »

    Жеңіл атлет Кристина Овчинникова Грекияда жеңіске жетті

    Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Кристина Овчинникова Грекияның Ханья қаласында өткен халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады Ұлттық Олимпиадалық комитет. Спортшы биіктікке секіру сайысында топ жарды. Овчинникова 190 сантиметр нәтижесін көрсетті. Отандасымыз Гумиде өткен Азия чемпионатында дәл осы көрсеткішпен бірінші орын алар еді. Алайда, ол жарысқа қатысушылар құрамына кірмеді, — делінген хабарламада. Екінші орынды жергілікті спортшы Татьяна Гкусин ...

    Read More »

    Қазақ каратэшілері тұңғыш рет Grand Winner жүлдесін иеленді

    Марокконың астанасы – Рабат қаласында каратэден (WKF) жылдың қорытындысы Премьер-лига санатындағы турнирі аяқталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Биылғы төрт жарыстың нәтижесінде өз салмағындағы рейтингте көп ұпай жинаған отандасымыз Мөлдір Жаңбырбай (-50 кг) мен Әсел Қанай (-61 кг) үздік спортшыға берілетін Grand Winner номинациясына ие болды. Осыған дейін ұлттық құраманың екі спортшысы бірден мұндай ...

    Read More »

    Жеті жүлде! Қазақстан үстел теннисінен Өзбекстаннан озды

    Өзбекстанның астанасы – Ташкент қаласында үстел теннисінен өткен WTT Youth Contender Tashkent 2025 халықаралық турнирі аяқталды. Бұл жарыста Қазақстан құрамасы жеті жүлдені иеленді. 19 жасқа дейінгі жастар арасында бірінші орынды Алан Құрманғалиев жеңіп алды. Осы санатта Абдулла Мамай мен Ноила Ханиязова аралас жұптар жарысында топ жарса Аделя Алжанова 11 жасқа дейінгі балалар додасында бірінші орынға шықты. Күміс жүлдені Назерке Болатбек ...

    Read More »

    Рыбакина «Ролан Гаррос» турнирінің 1/8 финалына шықты

    Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Францияның Париж қаласында өтіп жатқан «Ролан Гаррос» турнирінің үшінші айналымында жеңіске жетті. Ол латвиялық Елена Остапенконы екі сетте 6:2, 6:2 есебімен жеңді. Енді 1/8 финалда Рыбакина польшалық Ига Швёнтекпен ойнайды.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА  

    Read More »