• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: турнир

    Гимнастар Evgeniya Cup халықаралық турниріне қатысады

    Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Ресейдің Омбы қаласында өтетін Evgeniya Cup турниріне қатысады. Оған қатысатын гимнастардың толық құрамы жарияланды. Жеке бағдарламада бес гимнаст ел намысын қорғайды. Олар — Эрика Жайлауқызы, София Куряченко, Линара Жайлауқызы, Рабия Аманқос пен Валерия Васильева. Топтық жаттығулар бойынша Қазақстанның негізгі және жасөспірімдер құрамасы бақ сынайды. Турнир 29 мамырда басталды.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА  

    Read More »

    Жәния Бекмұхамбетова үстел теннисінен қола жүлдегер атанды

    Жәния Бекмұхамбетова үстел теннисінен Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан WTT Youth Contender халықаралық турнирінде қола медаль жеңіп алды. Ол жарыста төрт рет ойнап, жартылай финалға шықты. Бірақ, 1/2 финалда Бекмұхамбетова қарсыласынан жеңіліп қалды. Осылайша, ол үшінші орынды қанағат тұтты. Бұған дейін Жәния Бекмұхамбетова Болгария мен Испанияда өткен турнирлерде жеңіске жеткен еді.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА  

    Read More »

    Нұрсұлтан Алтынбек бокстан Таиландтағы турнирдің қола жүлдегері атанды

    Боксшы Нұрсұлтан Алтынбек 55 келі салмақта Таиландтың астанасы – Бангкок қаласында өтіп жатқан Thailand Open халықаралық турнирдің қола жүлдегері атанды. Ол жартылай финалдық жекпе-жекте Таиланд боксшысына 1:4 есебімен жол берді. Оның алдында боксшы ширек финалда жапониялық Мизогучи Сехуроны 5:0 есебімен жеңген болатын. Дәстүрлі турнир 24 мамырда басталған еді. Ол 1 маусымға дейін болады. Оған Қытай, Корея, Жапония, Өзбекстан, Қазақстан, Таиланд ...

    Read More »

    Бибісара Асаубаева Sharjah Masters 2025 супер турнирінде жеңіске жетті

    Бүгін БАӘ-де шахматтан өткен Sharjah Masters 2025 супер турнирінде Бибісара Асаубаева өзінің үшінші гроссмейстер нормасын орындап, алғаш рет 2 500 рейтинг межесінен асты, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Бибісара Асаубаева 64 гроссмейстер қатысқан турнирде әйелдер арасында ең үздік нәтиже көрсетті (28-орын). Ол әйелдер арасында 2024-25 жылғы маусымдағы Гран-при жеңімпазы Чжу Цзиньир (2541) мен Олимпиада ...

    Read More »

    Әділбек Мусин суға жүзуден халықаралық турнирде жүлде алды

    Жүзуден Францияның Канет қаласында өтіп жатқан Mare Nostrum Swim Tour 2025 халықаралық турнирінде Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. 100 метр. Баттерфляй әдісі. Максим Груссе (Париж Олимпиадасының қола жүлдегері) — 51.40 секунд Әділбек Мусин — 51.82 Роман Шевляков (эстафета сайысынан әлем чемпионы) — 51.93 Клемент Секки (Париж Олимпиадасының қола жүлдегері) ...

    Read More »

    Еркін күрестен Қазақстан кубогының алғашқы финалистері анықталды

    Астана қаласындағы Qazaqstan жеңіл атлетика спорт кешенінде күрес түрлерінен дәстүрлі Қазақстан кубогы басталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Алғашқы жарыс күнінде еркін күрестен 57, 65, 86, 97, 125 кг салмақта іріктеу кезеңі мен жартылай финалдың белдесулері болды. Жартылай финал нәтижесінде финалға мына балуандар шықты: 57 кг: Әділет Әлмұхамедов (Жамбыл облысы) – Рахат Қалжан (Жамбыл ...

    Read More »

    Рыбакина биылғы маусымдағы алғашқы жеңісіне жетті

    Қазақстанның бірінші, әлемнің 12-ракеткасы Елена Рыбакина Францияның Страсбург қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінде жеңімпаз атанды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Ол жарыстың төртінші ракеткасы болып тіркеліп, финалда әлемнің 19-ракеткасы, ресейлік Людмила Самсоновамен ойнады. Бірінші партияда есеп 2:1 болған кезде Рыбакина брейк жасай білді. Содан кейін қарсыласына дес берген жоқ. Есеп — 6:1. Екінші сетте отандасымыз брейкпен алға шыққанымен, Самсонова ...

    Read More »

    Отандасымыз АҚШ-та топ жарды

    АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өткен халықаралық таэквондо жарысында Әділет Базарбаев алтын медаль жеңіп алды. 17 мамырда АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында орналасқан Industry Hills Expo Center-де «International Taekwondo Fest 2025» турнирі болды. Бұл жарысқа әлемнің әр түкпірінен келген 300-ден аса спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады. Оған Қазақстан атынан қатысқан Әділет Базарбаев ерекше көзге түсіп, 63 кг салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды. Ол ...

    Read More »

    Жәния Бекмұхамбетова Болгариядағы турнирде жеңіске жетті

    Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Жәния Бекмұхамбетова Панагюриште қаласында (Болгария) өткен WTT Youth Contender халықаралық турнирінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады olympic.kz. Жәния 13 жасқа дейінгі спортшылар арасында өткен жарыста топ жарды. Ол болгариялық Радина Захариеваны, Мартина Николованы, Белослава Балканскаяны, словакиялық Вивьен Мурковты, румыниялық Карисс Сербан мен Бьянка Томуды сенімді түрде жеңіп, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.  

    Read More »

    Зарина Дияс Жапониядағы турнирдің чемпионы атанды

    Әлемнің 318-ракеткасы Зарина Дияс Жапонияның Куруме қаласында өткен ITF W50 турнирінде топ жарды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Ол финалда жапон спортшысы, әлемнің 288-ракеткасы Аяно Шимицумен чемпиондық атақты сарапқа салды. Бірінші партияда жергілікті спортшы 2:0 есебімен алға шыққанымен, Зарина Дияс таразы басын аудара білді. Есеп — 6:4. Екінші сетте де Шимицу 2:0, 3:1 есебімен алға шықты. Бірақ Зарина Дияс бұдан ...

    Read More »