Түркияның Коджаэли қаласында күрес түрлерінен халықаралық турнир болып жатыр. Бүгін Яшар Догу, Вехби Эмре мен Хамит Капланды еске алуға арналған дәстүрлі турнирде әйелдер белдесулері аяқталды. Бұл сында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте алдына Түркия мен Үндістанның спортшыларын жіберіп, алты медальмен үшінші орынды қанағат тұтты. Отандастарымыз 3 күміс пен 3 қола жүлдені алды. Атап айтқанда, Светлана Анкичева (-50 кг), Диана Каюмова (-59 кг) ...
Read More »Tag Archives: турнир
Анна Данилина Ұлыбританиядан жеңіспен келе жатыр
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 9-ракеткасы Анна Данилина Ұлыбританияның Истбурн қаласында жалауы көтерілген WTA 250 турнирінің жеңімпазы атанды. Осыған дейін Францияның ашық чемпионаты — «Ролан Гаррос», турнирінде, Лондон, Ноттингем қалаларындағы жарыстарында финалға дейін жеткен теннисші бұл жолы чехиялық Мари Боузковамен бірге бақ сынаған еді. Данилина мен Боузкова дуэті финалда австралиялық Майя Джойнт пен Тайбэй өкілі Се Шувэймен бас жүлдені сарапқа ...
Read More »Теннисшілеріміз қарт құрлықтың төрінен төбе көрсетті
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Александр Бублик, Александр Шевченко, Бейбіт Жұқаев, Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева «Үлкен дулыға» турнирінде көңіл көншітерлік өнер көрсетіп жатыр. Мысалы, Бейбіт Жұқаевтың өзі жас болса да бас бола білетінін дәлелдеп, алғаш рет Уимблдонның іріктеу сынынан сүрінбей өтіп, «Үлкен дулының» кілең мықтылар ойнайтын басты додасына жолдама алды. Осының өзі жас спортшы үшін үлкен жетістік деуге болады. Сол сияқты ...
Read More »Отандастарымыздың теннис турнирлеріндегі жорығы жалғасып жатыр
Александр Бублик, Александр Шевченко, Бейбіт Жұқаев, Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева «Үлкен дулыға» турниріндегі жарыстарын одан әрі жалғастырып жатыр. Жастар арасында Уимблдонда Әмір Омарханов, Заңғар Нұрланұлы мен Дамир Жалғасбай (іріктеу) ойнайды. Сол сияқты Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 9-ракеткасы Анна Данилина Ұлыбританияның Истбурн қаласында өтіп жатқан WTA 250 турнирінде жаман ойнап жатқан жоқ. Әлемнің 274-ракеткасы Зарина Дияс та Испанияның кортының ...
Read More »Байдарка мен каноэде есу: Қазақстан «Мықтылар кубогында» қола медаль алды
Белурасьтің Минск қаласында байдарка мен каноэде есуден «Мықтылар кубогы» турнирі болды. Бұл жарыста Қазақстан құрамасы қола жүлде жеңіп алды. 500 метр қашықтықтағы екілік-байдарка сайысында Татьяна Токарницкая мен Ольга Шмелева үшінші орынға ие болды. Турнирге тоғыз елдің спортшылары қатысты. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »Almaty арнасы ұйымдастырған аламан
«Адамзат бөз бермейді сөз береді», деген екен ата—бабамыз. Қазіргі ақпарат жүйелері тоғысып, оқырман қауымға ағыны тасқындап жатқан заманда БАҚ өкілдерінің қызметі еселей түсуде. Сөз тіршіліктің құралы болса, сол сөз құдіретінің тонын теріс айналдырып оқырманның назарына жеткізіп жатқан қаламгерлердің еңбегі адал деп білеміз. Баспасөз бен теледидардың қазақ қоғамындағы ролі ерекше. Оны көзі ашық көркірегі ояу оқырман жақсы біледі. Ахмет Байтұрсыновша айтқанда ...
Read More »Алан Құрманғалиев — үстел теннисінен Жастар ойындарының абсолютті чемпионы!
Павлодар қаласында үстел теннисінен Жастар ойындары аяқталды, деп хабарлады Ұлттық Олимпиадалық комитет. Қарағанды қаласының тумасы Алан Құрманғалиев Ойындардың абсолютті чемпионы атанды. Ол жекелей, жұптық және аралас сайыстарда үш алтын медаль жеңіп алды. Ерлер, жекелей сайыс: 1 орын – Алан Құрманғалиев (Қарағанды) 2 орын – Қадырәлі Қабдылуахитов (Павлодар) 3 орын – Темірлан Жиенбаев (ШҚО) 3 орын – Тимофей Герасименко (Астана) Қыздар, ...
Read More »Challenge Cup: Қазақстан спорттық гимнастикадан үш медаль алды
Ташкент қаласында спорттық гимнастикадан Challenge Cup турнирінде ұлттық құраманың үш спортшысы құрмет тұғырының ең биік сатысына көтерілді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Қоссырық жаттығуының финалында Ильяс Азизов күміс (13.100 ұпай), тағы бір отандасымыз Дмитрий Патанин қола жүлдегер (12.700 ұпай) атанды. Бұл жаттығуда жарыс иесі Акрорхон Темірхонов 13.550 балл жинап, топ жарды. Әйелдер арасында бөрене ...
Read More »Жас теннисшілер Өзбекстандағы жарыста үздік шықты
Өзбекстанның Ферғана қаласында 12 жасқа дейінгілер арасында Азия чемпионатының Орталық Азия бойынша іріктеу турнирі аяқталды. Бұл жарыста Қазақстан құрамасы үздік өнер көрсетті, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Ел намысын ұлдардан Сырымжан Барлықов (Ақтөбе), Әмірхан Қуанышбеков, Евгений Щетнкиков (екеуі де Алматы) қорғады. Жарысқа команданың капитаны болып Руслан Арепринцев қатысты. Қыздардан Мартина Курбатова (Алматы), Мария Гуля, Влада Дегтярь (екеуі де Астана) сынға ...
Read More »Таеквондодан Қазақстан 2 алтын, 2 күміс, 4 қола медаль жеңіп алды
Бүгін таеквондодан АҚШ-тың Шарлотт қаласында Гран-при санатындағы жарыстың алғашқы кезеңі, ал Австрияның Инсбрук қаласында дәстүрлі Austrian Open турнирі аяқталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. АҚШ-тағы турнирдің соңғы күні Нодира Ахмедова 49 кг дейінгі салмақта күміс жүлдегер атанды. Ол финалда Лю Ю Юнға (Қытайдың Тайпейі) есе жіберді. Осыған дейін Тамерлан Тілеулес (-58 кг) пен Батырхан ...
Read More »