• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: турнир

    Нодира Ахмедова таэквондодан күміс жүлдегер атанды

    Таэквондошы Нодира Ахмедова Польшада өтіп жатқан халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды. Ол 49 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Болгарияның өкілі Александра Георгиеваны 2:1 есебімен жеңді. Финалда Испанияның спортшысы Виолетта Аррибастан 0:2 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша, Ахмедова күміс медаль иеленді.   Рүстем ЖҰМАН, АСТАНА  

    Read More »

    Бибісара Асаубаева FIDE Grand Swiss турнирінің қола жүлдесін алды

    Шахматшы Бибісара Асаубаева Өзбекстанның Самарқан қаласында өтіп жатқан FIDE Grand Swiss and FIDE Women’s Grand Swiss 2025 турнирінде әйелдер арасында қола медальді иеленді. Ол соңғы турда Анна Музычукпен тең ойнап, мүмкін болған 11 ұпайдың 7,5-ін жинады. Әйелдер арасында Вайшали Рамешбабу 8 ұпай (Үндістан) алып, жеңімпаз атанды. Екінші орынды 8 ұпаймен Екатерина Лагно (FIDE) иеленді.   Рүстем ЖҮМАН, АСТАНА

    Read More »

    Жібек Құламбаева алғаш рет WTA турнирінде жеңімпаз атанды

    Теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Қытайдың Хучжоу қаласында өткен WTA 125 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Жарыстың 2-ракеткалары Жібек Құламбаева мен словениялық Вероника Эрьявец жапониялықтар Момоко Кобори мен Аяно Шимицумен бас жүлдені сарапқа салды. Бірінші партияда 6:4 есебі тіркелді. Қазақстандық-словениялық жұп екінші сетте де қарқынын төмендеткен жоқ. Есеп — 6:2. Осылайша, Құламбаева жұптық сында WTA жарысында алғаш ...

    Read More »

    Гимнаст Нариман Курбанов Challenge Cup кезеңінің жеңімпазы атанды

    Олимпия ойындарының күміс жүлдегері Нариман Курбанов спорттық гимнастикадан Францияның Париж қаласында өткен Challenge Cup кезеңінде жеңімпаз атанды. Ол ат снарядындағы жаттығудың финалында 15,066 ұпай жинап, жеңіске жетті. Екінші орынды армениялық Гамлет Манукян иеленді. Оның ұпай саны — 14,800. Үшінші орынға италиялық Габриэле Таргетта 14,733 ұпаймен ие болды. Зейнолла Ыдырысов 14,633 ұпаймен төртінші орынға табан тіреді.   Рүстем ЖҰМАН, АСТАНА

    Read More »

    Шыңғыс Тайлиев қарт құрлықта каратэден қола жүлдені жеңіп алды

    Ұлттық құраманың спортшысы Шыңғыс Тайлиев Австрияның Зальцбург қаласында өткен А сериясындағы турнирде кумите бағдарламасында 75 кг дейінгі салмақта жүлде алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Қола медаль үшін жекпе-жекте ол Финляндия өкілі Томас Сур Инкеройненді 7:2 есебімен жеңді. Отандасымыз жарыста Роман Чимбурді (AIN2) 11:1, Марио Ианнуцциді (Италия) 7:2, Витулано Дженнароны (Италия) жеңсе, жұбаныш кезеңде ...

    Read More »

    Аружан Сағындықова ITF W15 турнирінде жеңіске жетті

    Теннисші, әлемнің 958-ракеткасы, 20 жастағы Аружан Сағындықова Қытайдың Луань қаласында өткен ITF W15 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Ол финалда әлемнің 797, осы жарыстың 5-ракеткасы, 19 жастағы ресейлік спортшы Мария Калякинамен бас жүлдені сарапқа салды. Бірінші партияда Аружан 6:4 есебімен басымдық танытты. Екінші сетте де Сағындықова дүниежүзілік рейтингіде өзінен әлдеқайда жоғары тұрған қарсыласының мысын басты. Есеп – ...

    Read More »

    US Open: Заңғар Нұрланұлы сенсация жасады

    17 жастағы теннисші Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасында АҚШ ашық чемпионатында екінші жеңісіне жетті, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Ол екінші айналымда әлемнің жасөспірімдер арасында 13-ракеткасы, Польша өкілі, 18 жастағы Алан Важнымен ойнады. Алан Важны ересектер арасында ATP рейтингінде 1750-сатыда тұр. Ал Заңғар Нұрланұлы ITF Juniors рейтингісінде 54-орынға орналасқан. Соған қарамастан, отандасымыз азулы қарсыласын 6:4, 6:4 есебімен жеңді. Бұл матч бір жаром ...

    Read More »

    US Open: Анна Данилина 1/8 финалға шықты

    Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина АҚШ ашық чемпионатының үшінші айналымына шықты. Ол «Үлкен дулыға» турнирінің 9-ракеткасы болып тіркеліп, Сербия спортшысы Александра Крунич екеуі екінші айналымда Румыния теннисшісі Моника Никулеску мен Латвияның өкілі Анастасия Севастовамен ойнады. Бірінші партияда Данилина мен Крунич қарсыластарын 6:2 есебімен жеңді. Екінші сетте де 5:1 есебімен басым түсті. Содан кейін Румыни мен Латвияның спортшылары брейк ...

    Read More »

    Дмитрий Панарин бадминтоннан күміс жүлдегер атанды

    Қазақстан бадминтон құрамасының көшбасшысы Дмитрий Панарин Камерунның астанасы — Яундеде өткен ірі халықаралық турнирдің финалына шығып, күміс жүлдегер болды. Ерлер арасындағы жекелей сайыстың фитналында отандасымыз Индонезия өкілі Прадиска Шудживомен ойнады. Бұл ойын қарсыластың пайдасына 2:0 есебімен (21:13, 21:7) аяқталды. Осылайша, Панарин жарысты екінші орынмен тәмамдады.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА  

    Read More »

    WTT Feeder Panagyurishte: Зәуреш Ақашева үстел теннисінен қола жүлдегері атанды

    Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Зәуреш Ақашева Болгарияның Пангарюште қаласында өткен WTT Feeder Panagyurishte турнирінде қола медальді жеңіп алды. Турнирде Ақашева Мириам Карновалені (Италия) 3:1, Доминика Вильчковоны (Словакия) 3:0, Шима Сафаэиді (Иран) 3:2 есебімен жеңді. Дегенмен оның украиналық Анастасия Димитренконы жеңіге шамасы келе алмай, одан  1:3 есебімен жеңілуге мәжбүр болды. Соның кесірінен ол үшінші орынды қанағат тұтты. Осы жарыста отандастарымыз ...

    Read More »