• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Азия чемпионаты

    Алмат Кебіспаев үш дүркін Азия чемпионы бола ала ма?

    Жақын арада Астанада күрес түрінен Азия чемпионаты өтеді. Оған еліміздің атынан 35 жастағы Алмат Кебіспаев (67 кг) қатысады. Ол бұған дейін Азия чемпионатында 2 алтын, 3 күміс медаль алған. Кебіспаев жарыстың екінші күні боз кілемге шығатын болады. Бірінші жарыс күні (9 сәуір), грек-рим күресі бойынша 55, 63, 77, 87, 130 кг салмақтағылар белдеседі. Екінші жарыс күні (10 сәуір), грек-рим күресі ...

    Read More »

    Алмат Кебіспаев қарсыласы қай елдің палуандары екенін айтты

    7 сәуір күні Астанада күрес түрлерінен Азия чемпионаты басталады. Оған палуан Алмат Кебіспаев қатысады. Грек-рим күресінен ҚР еңбек сіңірген спорт шебері. 2012 жылы Лондон қаласында өткен Олимпиадаға қатысушы, Азияның екі дүркін және бес мәрте әлем чемпионатының жүлдегері Алмат Кебіспаевпен хабарласып шағын сұхбат алдық. «Елордамызда өтетін Азия құрлығының додасына да аз күн қалды. Жарысқа дайындалып жатырмыз. Астанада чемпион атанып, Қазақ елін ...

    Read More »

    Су добынан Қазақстан құрамасы Азия чемпионы атанды

    Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы Сингапурда өткен Азия чемпионатында Таиланд ватерполистерін ұтып, алтын медальді жеңіп алды.  Бұл туралы Zakon.kz. хабарлады. Қазақстан әйелдер құрамасы құрлықтықтық чемпионатта Таиланд командасын екінші рет жеңді. Осылайша, тай қыздарын жеңген еліміздің әйелдер құрамасы қарсыластарын шаң қаптырып, мерзімінене бұрын Азия чемпионы атанды.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Х Азия чемпионаты: Қазақстан алты алтын жүлде жеңіп алды (ФОТО)

    Астанада жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Х Азия чемпионаты аяқталды. Чемпионаттың соңғы күні Қазақстан спортшылары бес медаль жеңіп алды. Әуелі әйелдер арасында биіктікке секіру сайысында барлық медальді ұлттық құраманың спортшылары иеленді. Надежда Дубовицкая алтын медаль алса (1.89 метр), Кристина Овчинниковаға күміс жүлдені (1.89 метр, мүмкіндік саны жағынан есе жіберді, — ред.), Елизавета Матвееваға (1.84 метр) қола медальді иелденді. Мұндай жағдай бұрын-соңды ...

    Read More »

    Жеңіл атлетика: Элина Михина Азия чемпионы атанды

    Астана қаласында жеңіл атлетикадан өтіп жатқан  жабық кешендегі Х Азия чемпионатында тағы бір отандасымыз топ жарды. Әйелдер арасында 400 метрге жүгіруде Элина Михина алдына жан салмай, құрлық чемпионы атанды. 28 жастағы атлет бұл қашықтықты 54.07 секундта жүгіріп өтті. Қазір Қазақстан қоржынында 2 алтын, 2 күміс пен 1 қола медаль бар.   Шамкен БАЙЫРБЕК, ФОТО: Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту ...

    Read More »

    Жеңіл атлетика: Михаил Литвин Азия чемпионатының күміс жүлдесін иеленді

    Астана қаласында жеңіл атлетикадан өтіп жатқан жабық кешендегі Х Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына төртінші жүлде түсті. Ерлер арасында 400 метрге жүгіруде Михаил Литвин күміс жүлдегер атанды. Ол мәреге санаулы метрлер қалғанда катарлық Аммар Исмаил Яхия Ибраһимнен қалып қойды. Қола медаль қытайлық атлетке бұйырды. Бұл қашықтықта тағы бір отандасымыз Вячеслав Земс мәреге жетер тұста құлап қалды. Қазір Қазақстан қоржынында 1 алтын, ...

    Read More »

    Х Азия чемпионаты: Ақбаян Нұрмамет соңғы сәтте қола жүлдені жеңіп алды

    Астана қаласында жеңіл атлетикадан өтіп жатқан жабық кешендегі Х Азия чемпионатында 18 жастағы отандасымыз Ақбаян Нұрмамет 1500 метрге жарыста қола жүлде жеңіп алды. Бұл қашықтықты ол 1.06.04 секундта жүгіріп өтті. Үздік нәтижені 26 жастағы вьетнамдық Нгуен Тхи Оан көрсетіп, алтын медальді жеңіп алды. Күміс жүлдені жапониялық Юме Гото иеленді. Тағы бір қазақстандық Мадина Керімова мәреге бесінші болып жетті (4:24.09 секунд). Қазір ...

    Read More »

    Жеңіл атлет Ольга Сафронова Азия чемпионатының күміс жүлдесін иеленді

    Астана қаласында жеңіл атлетикадан жабық кешенде өтіп жатқан Х Азия чемпионатында Ольга Сафронова 60 метрге жүгіруде күміс жүлдегері атанды. Бұл қашықтықты ол 7.32 секундта жүгіріп өтті. Ирандық спортшы Фарзане Фасихи 7.28 секунд нәтижесімен екінші орын алса, индонезиялық Валентин Ванеза мәреге үшінші (7.37 секунд) болып келді. Бұл – Қазақстан қоржынына түскен екінші медаль.Оған дейін  Каролин Чепкоеч Кипкируи 3 мың метрге жүгіруде чемпион ...

    Read More »

    Қазақстан азаматтығын алған Каролин Чепкоеч Кипкируи Азия чемпионы атанды (ВИДЕО)

    Астана қаласында жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Х Азия чемпионаты басталды. Жарыстың бірінші күні еліміздің спортшылары үздік нәтиже көрсетіп, құрмет тұғырынан көрінді. Кешкі сессияның алғашқы финалында Қазақстан қоржынына бірінші медаль түсті. Еліміздң азаматтығын алған Каролин Чепкоеч Кипкируи 3 мың метрге жүгіруде мәреге бірінші келіп, чемпион атанды. Ол мәреге 9 минут 01.98 секундта жетті.  Оның соңынан қытайлық Уга Хэ келіп, күміс жүлде ...

    Read More »

    Қазақстан боксшылары Азия чемпионатында 20 жүлде жеңіп алды

    Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы Таиландтың Бангкок қаласында 22 жасқа дейінгі жастар арасында өткен Азия чемпионатында 20 медальді жеңіп алды. Қазақстанның әйелдер және ерлер құрамалары 5 алтын, 3 күміс және 12 қола жүлдеге ие болды. Осы көрсеткішпен отандастарымыз  жалпы командалық есепте екінші орынға шықты. Өзбекстанның өкілдері 21 (14, 4, 3) жүлдемен тізімде көш бастады. Үздік үштікті шаршы алаңның иелері – Таиланд ...

    Read More »