• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: рейтинг

    Дзюдошы Абиба Әбужақынова IJF рейтингінің үздік бестігіне кірді

    Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Абиба Әбужақынова әлемнің үздік бес дзюдошысының қатарына кірді. Olympic.kz-тің хабаралуынша, Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Анталияда өткен Grand Slam сериясының турнирінен кейін дзюдошылардың рейтингін жаңартты. Мәселен, турнир кезінде қола медаль иеленгені үшін Қазақстан спортшысы Нұрқанат Серікбаевқа 500 ұпай берілді. Бұл оның әлемдік рейтингте 15 орынға дейін көтерілуіне мүмкіндік берді. Сондай-ақ, жаңартылған мәліметтерге сәйкес, спортшы Абиба Әбужақынова ...

    Read More »

    Халықаралық бокс федерациясы қазақ боксшыларын тізімнен алып тастады

    Халықаралық бокс федерациясы (IBF) рейтингті жаңартып, Қазақстанның екі боксшысын тізімнен алып тастады. Бірінші ауыр салмақта оныншы орында тұрған Серік Мұсаділов үздік он бес боксшының қатарынан шығып қалды. Екінші орта салмақтағы Әли Ахмедов алтыншы орынын сақтап қалды. Тізімнің басында Ұлыбритания боксшысы Уильям Скалл тұрса, одан кейінгі сатыға ресейлік Владимир Шишкин мен АҚШ өкілі Калеб Плант жайғасқан. Чемпиондық атақ мексикалық Сауль «Канело» ...

    Read More »

    Қамшыбек Қоңқабаев WBA тізімінен түсіп қалды

    Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) барлық салмақ дәрежелері бойынша жаңартылған рейтингті жариялады. Бұл тізімде аса ауыр салмақта Иван Дычко ғана бұрынғы орнында тұр. Ол 15-орынды сақтап отыр. Бұл дивизионды әлем чемпионы украиналық Александр Усик бастап келеді. Рейтингте конголық Мартин Баколе екінші, америкалық Деонтей Уайлдер үшінші орынға жайғасып отыр. Бірінші ауыр салмақта осыған дейін төртінші орында болған Қамшыбек Қоңқабаев рейтингіден шығып қалды. ...

    Read More »

    Элдор Шомурадов Орталық Азиядағы ең қымбат футболшы атанды

    Германияның Transfermarkt порталы Орталық Азияның ең қымбат ойыншыларының рейтингін жасады. Футболшылардың келісімшарты мен трансфер құны туралы ақпаратты анықтауға бейімделген порталдың дерегіне қарағанда, Өзбекстанның ұлттық құрамасы мен Италияның «А» сериясының «Специя» клубының шабуылшысы Элдор Шомурадов Орталық Азияның ең қымбат ойыншысы деп танылды. Оның трансферлік құны 7 млн еуроға бағаланған. Екінші орынды Қазақстан құрамасы мен  Мәскеудің ЦСКА клубының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов ...

    Read More »

    Қазақстан каратэшілері әлемдік рейтингте үздік үштікке кірді

    Египеттің астанасы Каир қаласында өткен Премьер-лига турнирінен соң каратэшілердің әлемдік рейтингтегі орны жарияланды. Ерлер арасында 60 кг салмақта Қайсар Алпысбай әлемдік рейтингтің екінші орнына көтерілді. 75 килодағы Нұрқанат Әжіқанов үшінші орынға шықты. Қыздар арасында Әсел Қанай (61 кг) мен Мөлдір Жаңбырбай (50 кг) әлемдік рейтингте төртінші орыннан көріндіү Сондай-ақ команда үздігі, Токио Олимпиадасының жүлдегері Софья Берульцева екінші орынға көтерілді. Ал ...

    Read More »

    Рыбакина Қазақстан тарихында алғаш рет әлемнің 10-ракеткасы атанды

    Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингін жариялады. Осы тізімде Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина Австралия ашық чемпионатының финалына жеткеннен кейін 25-орыннан бірден 10-орынға шықты. Ол алғаш рет Қазақстанның спорт тарихында үздік ондыққа кірді. Бұған дейін Қазақстан теннисшілерінен ешкім ондыққа кіріп көрген емес. Жұптық сында Анна Данилина 24-орында тұр. Қазақстандық теннисшілердің 30 қаңтардағы көрсеткіші мынадай: 10 (+15). Елена Рыбакина – 2815 ...

    Read More »

    Жәнібек Әлімханұлы мықтылардың қатарында Головкинге жақындады

    The Ring белгілі журналының сайты Қазақстанның орта салмақтағы екі боксшысы енген рейтингінің жаңартылған нұсқасын ұсынды. WBA Super, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин бірінші орынды сақтап қалса, WBO белдігінің иегері Жәнібек Әлімханұлы бесінші орыннан төртінші орынға көтерілді. Бұрын үшінші орында тұрған Деметриус Андраде екінші орта дивизионға өтуіне байланысты рейтингіден шығарылды. The Ring нұсқасы бойынша орта салмақтағы боксшылардың ...

    Read More »

    Рыбакина «Жыл ойыншысына» үміткер атанды

    Маусым қорытындысы бойынша әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) марапатына үміткерлер анықталды. Еліміздің бірінші ракеткасы, «Уимблдон-2022» турнирінің жеңімпазы Елена Рыбакина «Жыл ойыншысы» аталымы бойынша үміткерлер қатарына кірді. Сондай-ақ, жоғары марапатқа әлемнің бірінші ракеткасы, «Ролан Гаррос», US Open және тағы алты жарыстың жеңімпазы, Польшаның теннисшісі Ига Швентек, дүниежүзілік рейтингіде екінші тұрған US Open және «Уимблдон» турнирінің финалисі, Мадрид пен Берлин чемпионы, тунистік Онс ...

    Read More »

    Альбина Какенова мен Сафина Сафиллина Азияда көш бастады

    Азия теннис федерациясы ойыншылардың 14 жас және 16 жасқа дейінгі рейтингін жаңартты. 14 жасқа дейінгі қыздар арасында бірінші орында Альбина Какенова (Астана) келеді. Қазақстандықтың активінде 3922 ұпай бар. Азия рейтингінің ең мықты ондығына Ева Корышева (төртінші орын, Ақтөбе) мен Ариана Гогулина (сегізінші орын, Астана) –кірді. 16 жасқа дейінгі спортшылар сапында бірінші орынға Сафина Сафиуллина (Алматы) көтерілді. Қазақстандықтың 720 рейтингтік ұпайы бар. Сары құрлық рейтингінің ондығына ...

    Read More »