• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Қазақстан каратэшілері әлемдік рейтингте үздік үштікке кірді

    Египеттің астанасы Каир қаласында өткен Премьер-лига турнирінен соң каратэшілердің әлемдік рейтингтегі орны жарияланды.

    Ерлер арасында 60 кг салмақта Қайсар Алпысбай әлемдік рейтингтің екінші орнына көтерілді.

    75 килодағы Нұрқанат Әжіқанов үшінші орынға шықты.

    Қыздар арасында Әсел Қанай (61 кг) мен Мөлдір Жаңбырбай (50 кг) әлемдік рейтингте төртінші орыннан көріндіү

    Сондай-ақ команда үздігі, Токио Олимпиадасының жүлдегері Софья Берульцева екінші орынға көтерілді.

    Ал ерлер арасында 67 килоға дейінгі салмақта сынға түсетін Дидар Әмірәлі алғашқы бестіктің белесіне шықты.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *