• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Қырғызстанда президенттің көзінше ұлттық ойын төбелеске ұласты (ВИДЕО)

    Қырғызстанның Ош қаласындағы атшабарда көкбөріден президенттің кубогы үшін өткен жарыс төбелеске ұласты. Финалда Ош облысының «Достық» пен Талас ауданының «Ынтымақ» командалары кездесіп, төрешілердің шешіміне қарсы шықты.

    Төрешілер жеңісті таластық командаға берген. Бұған Оштың жанкүйерлері ашуланып, көкбөрінің соңы шапқыншылық шайқасына ұласып кетті. Осының бәрі трибунада көкбөріні тамашалауға келген президент Садыр Жапаровтың көзінше болған. Мемлекет басшысы трибунада отырып, басын шайқап, ештеңе істей алмаған. Оның түрі шаршаңқы көрінген.

    Кaktus.media порталының хабарлауынша, көкбөрі ойынындағы төбелестен кейін 25 адам Ош қаласының милициясына жеткізілген. Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Камчыбек Ташиевтің айтуынша, тәртіпсіздік 5-10 адамның кесірінен болған. Олар жеңілген команда мен жанкүйерлерге төрешілердің шешімі дұрыс болмағанын айтып, арандатқан.

    Төбелестен бірнеше адам ауыр жараланған. Бірнеше көлік зақымданған. Қазір кінәлілер іздестіріліп жатыр. Кінәлілер табылса тергеу болуы мүмкін. Бұл туралы осы оқиғаға байланысты ҚМҰҚК-нің төрағасы арнайы жасаған мәлімдемесінде айтты.

    Осы күні көкбөрі ойыны басталмас бұрын Ош қаласында президент Садыр Жапаровтың қатысуымен Тіуелсіздік күніне арналған іс-шара болған еді. Оған Қырғыз Республикасының экс-президенттері Роза Отунбаева мен  Сооронбай Жээнбеков қатысқан.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *