• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    IBA-дан тағы бір Бокс федерациясы шығып кетті

    Финляндияның Бокс федерациясы IBA (Халықаралық бокс қауымдастығы) қатарынан шығу туралы шешім қабылдады.

    Осы елдің Бокс федерациясының (FBF) атқарушы директоры Марко Лайненің айтуынша, Финляндия World Boxing ұйымына қосылады.

    IBA қызметі Ресеймен тығыз байланысты. Оның басшысы ресейлік Умар Кремлев деген азамат. Сондықтан Финляндия Ресеймен қатысы бар барлық ұйымдардан шыға береді.

    Халықаралық бокс қауымдастығы 2019 жылдан бері Олимпиялық ойындарға іріктеу турнирін өткізуге құқығынан айырылған. Ал биылдан бастан Халықаралық олимпийялық комитет IBA-ны мүлдем мойындамайтынын мәлімдеді.  Олимпиадаға бокмсшыларды іріктеумен енді ХОК-тың өзі айналысады. Ал біз Олимпиадаға қатысқымыз келеді. Сондықтан World Boxing ұйымы арқылы тқртжылдықтың жарысына қатысуды мақсат етіп отырмыз, — деді ол.

    Биыл World Boxing ұйымы құрылған. Әзірше оны ХОК-тың өзі мойындай қойған жоқ. ХОК World Boxing ұйымына қатысты шешімді Халықаралық бокс қауымдастығының ісін тексергеннен кейін қабылдайды.

    Қазір жаңадан құрылған бокс ұйымына Австралия, Англия,  Ұлыбритания, Нидерланд, Жаңа Зеландия, АҚШ, Канада, Бразилия, Аргентина, Германия, Гондурас пен Швеция елдерінің бокс федерациялары мүше.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *