• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    UEFA Чемпиондар лигасы топтық турнирінің жеребесі тартылды

    UEFA Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің жеребесі тартылды.

    Топтық турниріне қатысатын 32 команда сегіз топқа төрт-төрттен бөлінген. Мұнда әрбір топтан үздік шыққан екі команда жарыстың 1/8 финалына шығады.

    А тобы: «Бавария» (Германия), «Манчестер Юнайтед» (Англия), «Копенгаген» (Дания), «Галатасарай» (Түркия);

    В тобы: «Севилья» (Испания), «Арсенал» (Англия), ПСВ (Нидерланд), «Ланс» (Франция);

    С тобы: «Наполи» (Италия), «Реал Мадрид» (Испания), «Брага» (Португалия), «Унион Берлин» (Германия);

    D тобы: «Бенфика» (Португалия), «Интер» (Италия), «Ред Булл Зальцбург» (Австрия), «Реал Сосьедад» (Испания);

    E тобы: «Фейеноорд» (Нидерланд), «Атлетико Мадрид» (Испания), «Лацио» (Италия), «Селтик» (Шотландия);

    F тобы: «Пари Сен-Жермен» (Франция), «Боруссия Дортмунд» (Германия), «Милан» (Италия), «Ньюкасл» (Англия);

    G тобы: «Манчестер Сити» (Англия), «РБ Лейпциг» (Германия), «Црвена Звезда» (Сербия), «Янг Бойз» (Швейцария);

    H тобы: «Барселона» (Испания), «Порту» (Португалия), «Шахтер Донецк» (Украина), «Антверпен» (Бельгия).

    Топтық турнирдің бірінші туры 19-20 қыркүйекте болса, екінші тур — 3-4 қазан, үшінші тур — 24-25 қазан, төртінші тур — 7-8 қараша, бесінші тур — 28-29 қараша, алтыншы тур — 12-13 желтоқсанға белгіленген.

    Ал 1/8 финал 2024 жылдың 13-14, 20-21 ақпан, 5-6, 12-13 наурызда болса, 1/4 финал — 9-10, 16-17 сәуір, жартылай финал — 30 сәуір — 1 мамыр, 7-8 мамырға белгіленген.

    Үздік командалар 1 маусымда Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Корольдігінің астанасы Лондон қаласындағы «Уэмбли» стадионында кездеседі. Бұл жерде финал болады.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *