«Астана» клубы футболдан UEFA Конференция лигасының топтық турниріне шықты.
Астананың командасы сырт алаңда Албанияның «Партизани» клубымен кездесіп, ойынды 1Ү1 есебімен тең аяқтады.
Бірінші матчта «Астана» 1:0 есебімен жеңіске жеткен еді. Ал екінші ойында алаң иелері алғаш болып есеп ашты. Ойынның 25-минутында Арканж Бинтсука әуелете берілген допты баспен қақпаға түсірді.
Екінші таймның басында қонақтар ширақ ойнап, есепті теңестірді. 46-минутында Марин Томасовтың таразы басын теңестіруге мүмкіндік алды.
Осылайша командалар 1:1 есебіне тарқасып, екі ойынның нәтижесімен «Астана» Конференция лигасының топтық турниріне шықты.
Ал Қостанайдың «Тобыл» клубы Конференция лигасы плей-офф кезеңінен шыға алмады. «Тобыл» сырт алаңда Чехияның «Виктория Пльзень» жасағынан 0:3 есебімен ұтылып қалды. Бірінші кездесуде отандастарымыз өз алаңында 1:2 есебімен жеңілген болатын.
Бұған дейін «Ордабасы» мен «Ақтөбе» клубтары да Конференция лигасының үшінші іріктеу сатысында жарыс жолынан шығып қалған еді.
UEFA Конференция лигасы топтық сатысының жеребесі 1 қыркүйекте Францияның Монако қаласында өтеді.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА