• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Атырау университетінің студенті қол күресінен әлем чемпионы атанды

    Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің 2-курс студенті Нұрым Аманов пара-армрестлингтен ересектер арасындағы сайыста (+80 кг) оң қол күресінен әлем чемпионы атанды.

    Сондай-ақ, аталған сайыста университеттің дене шынықтыру және спорт мамандығының студенті Бекзат Рахымжанов (+65 кг) оң қол күресінен екінші орынды жеңіп алды.

    Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарлауынша,спортшылар Алматыда өткен Армрестлингтен және пара-армрестлингтен әлем чемпионатына қатысқан. Онда әлемнің 52 мемлекетінен 1200 спортшы бақ сынаған. Чемпионатта Қазақстан атынан 256 спортшы ел намысын қорғады.

    Жеңімпаз студенттер Атырау облысындағы «Мүгедектердің спорттық клубында» жаттығады. Спортшыларды өңірге белгілі спорт шеберлері Р.Құрман, К.Тарабрин және И.Телеугалиевтар жарысқа дайындаған.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *