• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Қазақтың қарымды қаламгерінің хаты

    Бүгін Алматыдағы үйде әкемнің қағаздарын қарап отырып, жоғарыда суреті көрсетілген мына хатты көріп, оқырманмен бөлісуді жөн көрдім.

    Бұл хатты қазақтың әйгілі жазушысы, драматург, сыншы, мемлекет және қоғам қайраткері Ғабит Мүсірепов халқымыздың тағы бір арда ұлы, жазушы, ғалым, журналист Ақселеу Сейдімбекке жазған екен.  Ғабең хатты 1985 жылы сол кезде «Социалистік Қазақстан» газетінде қызмет етіп жүрген журналист інісіне жазған. Хатта атақты ғалымның спортқа деген қызығушылығын, газетте спорт тақырыбында жарияланған мақалаларды қызыға да құныға оқып жатқанын көруге болады.

    Онда былай делінген: «Ақселеу! Телефонмен қолға түсе қоймадың. 15-ІІ-83 күнгі Соц.Қ.да басылған Гүлнар Сахатова деген шахматшы қызымыз жайындағы очерктеріңіз маған қатты ұнады. Гүлнардың фотосын бұрын бір кесіп алып, шыныға қыстырып қойған Роза Иманбаева деген конкиші қызым болушы еді, соның қасына қыстырып қойдым.

    Мүмкін болса сол Роза жайында бір очерк жарияламассыздар ма екен?

    Сәлеммен (Ғабит Мүсіреповтың қолы қойылған)»

    15.ІІ.83

    Ойдан ой шығады демекші, қазір осы бір жапырақ қағазды қолыма ұстап, әкем оны үйде не үшін сақтағанын ойлап отырмын. Бірден ойға келгені, әкем сол жылы «Социалистік Қазақстанда» жұмыс істеген. 1981 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін Лениндік стипендиат атанып бітірген соң, 1986 жылға дейін «Социалистік Қазақстан» («Егемен Қазақстан») газетінде тілші, одан кейін бөлім меңгерушісі болған. Әкем өзі қандай да бір іске мығым болса құжатқа да өте тиянақты болатын. Осы хатты Ақаң өзіне көрсеткен болу керек. Сөйтіп, әкем оны бір папканың арасында ұстап, өздерінің жұмысына берілген бағаны сақтағысы келгені шығар деп ойлаймын.

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АЛМАТЫ

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *