• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Теңге ілуден ІІІ Азия чемпионатына қатысатын спортшылар

    Теңге ілу спортының қысқаша тарихы

    Ұзақ  жылдар бойы той-мерекелерде шағын көрсетілім ретінде ғана ойналып келген Теңге ілу еліміздің ұлтжанды азаматтарының күш салуымен Тәуелсіздік жылдары ұлттық спорт ойыны дәрежесіне көтеріле бастады. Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы атқарған жүйелі жұмыстар 2013 жылдан бастап ұлттық спорт жарыстарын  халықаралық деңгейде өткізуді бір ізге түсірді.

    2007 жылы Теңге ілудің арнайы Ережесі жазылып, ұлттық спорт түрлерінен өткізілген  Қазақстан   чемпионатында алғаш рет ересектер арасында Теңге ілу бәсекесі ұйымдастырылды.

    2017 жылы Теңге ілуден Қазақстан чемпионаты Алматы қаласында «Ұлы дала ойындарымен» бірге өткізілді. Теңге ілуден  XI рет өткен бұл чемпионаттың бас жүлдесін Мағжан Сапарбек (Оңтүстік Қазақстан облысы) жеңіп алды. Ал, Әліхан Бәшембаев (Ақтөбе облысы) 2 орынды,  Зұлпыхар Бейбарыс (Алматы қаласы) 3 орынды иеленді.

    Жастар  арасындағы Теңге ілу бәсекесінің тарихы да 2007 жылдан бастау алады.

    2017 жылы жастар арасындағы чемпионат Жамбыл облысында ұйымдастырылды. 11 рет өткен бұл жарыста Әліхан Бәшембаев (Ақтөбе облысы) чемпион атанды. Екінші орын Мағжан Сапарбекке (Оңтүстік Қазақстан облысы) үшінші орын Ерлан Дүйсенбайға (Маңғыстау облысы) бұйырды.

    2012 жылы Теңге ілуден алғаш рет жасөспірімдер арасындағы чемпионат ұйымдастырылды.

    2017 жылы Шымкентте 6 рет ұйымдастырылған Қазақстан чемпионатына 1999-2001 жылы туған жасөспірімдер бақ сынады. Бұл чемпионатта Теңге ілу бәсекесінің нәтижесінде 1 орынды – Рахат Қамбаров (Оңтүстік Қазақстан облысы),  2 орынды – Заңғар Қойбағаров (Жамбыл облысы), 3 орынды   – Бақытжан Төрехан (Батыс Қазақстан облысы) жеңіп алды.

    2015 жылы Елорда төрінде Теңге ілуден І Азия чемпионатының жалауы көтерілді. Азияның 8 мемлекетінің спортшылары бақ сынаған алғашқы Азия чемпионатында қазақтың қос саңлақ ұлы талассыз жеңімпаз атанды.  Оңтүстіктің оғланы  Ғалымжан Ізжанов бас жүлдені жеңіп алды. Ақтөбелік Әліхан Бәшімбаев Азияның күміс жүлдесін иеленді. Қола жүлде моңғолиялық қандасымыз Қуатхан Абдолға бұйырды.

    Енді міне, Елорда төріндегі «Қазанат» атшабарында 1 маусым күні Теңге ілуден ІІ Азия чемпионатының жалауы көтерілмекші. Бұл бәсекеде 9 мемлекет спортшылары сынға түседі.  Қазақ елі баптап қосқан үздік теңге ілушілер  мен чемпионатта бақ сынайтын шетелдік теңге ілу шеберлерінің аты-жөнімен таныс бола отырыңыздар.

    Мағжан САПАРБЕК – 2001 жылы туған. Туған жері – Оңтүстік Қазақстан облысы  Қазығұрт ауданы, Қазығұрт елдімекені. Теңге ілу спортымен 2014 жылдан бастап шұғылданған. Республикалық жарыстарда көптеген жүлделі орындарды иеленді. 2016 жылы  қазан айында Ақтөбе қаласында өткен жастар арасындағы Қазақстан чемпионатында – 1 орынды,  2017 жылы Алматы қаласында өткен ересектер арасындағы ел чемпионатында 1 орынды жеңіп алды.

    Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командасының мүшесі, Қазақстанның спорт шебері. ІІ Азия чемпионатына іріктеу жарысында үздік танылған спортшы.

    Ғалымжан ІЗЖАНОВ  – 1999 жылы туған. Туған жері – Оңтүстік Қазақстан облысы  Шымкент қаласы. Теңге ілу спортымен 2010 жылдан бастап шұғылданған. Көптеген республикалық жарыстардың жеңімпазы атанды.  Теңге ілуден 2015 жылы Шымкент қаласында өткен Ә.Дауылбаев атындағы республикалық турнирдің  жеңімпазы. 2016 жылы жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері. 2017 жылғы «Ақ бидай» VІ республикалық ауыл спорты ойындарының чемпионы. 2015 жылы Астана қаласында Теңге ілуден өткен І ашық Азия чемпионатын жеңіп алды.

     

    ТЕҢГЕ ІЛУДЕН ІІ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА ҚАТЫСАТЫН МЕМЛЕКЕТТЕР СПОРТШЫЛАРЫНЫҢ ТІЗІМІ 

     

    THE LIST OF PARTICIPANTS OF II ASIAN TENGE ILU CHAMPIONSHIP 

     

    Аты-жөні

    ФИО

    Full name

     

    Лауазым

    Должность

    Position

    Мемлекет

    Страна

    Country

    1

     

    Сапарбек Мағжан

    Сапарбек Магжан

    Saparbek Magzhan

    Спортшы

    Спортсмен

    Athlete

    Қазақстан

    Республикасы

    Республика Казахстан

    Republics of Kazakhstan

    Ізжанов Ғалымжан

    Изжанов Галымжан

    Izzhanov Galymzhan

    Спортшы

    Спортсмен

    Athlete

    Байбөриев Нүркен

    Байбуриев Нуркен

    Baiburiev Nurken

    Аға бапкер

    Старший тренер

    Seniorcoach

    2 Манахай Жеңісбек

    Манахай Женисбек

    Manakhai Zhenisbek

    Спортшы

    Спортсмен

    Athlete

    Моңғол Халық Республикасы

    Монгольская Народная Республика

    People’s Republic of Mongolia

    Нарау Жанболат

    Narau Janbolat

    Аға бапкер

    Старший тренер

    Seniorcoach

    Ермекей Ғылымхан

    Ермекей Гылымхан

    Yermekei Gylymkhan

    Бапкер

    Тренер

    Coach

    3 Хатамов Дилшод

    KhatamovDilzhod

    Спортшы

    Спортсмен

    Athlete

    Өзбекстан

    Республикасы

    Республика Узбекистан

    Republics of

    Uzbekistan

    Гафуров Бохромжон

    GafurovBokhromjon

    Бапкер

    Тренер

    Coach

    4 Сикуатов Ринат Қайдарұлы

    Сикуатов Ринат Кайдарович

    Sikuatov Rinat Kairadovich

    Спортшы

    Спортсмен

    Athlete

    РФ Алтай

    Республикасы

    Алтайская Республика РФ

    Republicof Altai RF

    Оқашев Жандос

    ОkashevZhandos

     

    Бапкер

    Тренер

    Coach

    5 Нажибуллах Пахлаван

    NaqibullahPahlawan

    Спортшы

    Спортсмен

    Athlete

     

    Ауғанстан

    Республикасы

    Республика Афганистан

    Republics of

    Afghanistan

    6 Минур уулу Амантур

    Miniur uulu Amantur

    Спортшы

    Спортсмен

    Athlete

     

    Қырғызстан Республикасы

    Кыргызская Республика

    Republic of

    Kyrgyzstan

    Анарбаев Нұрғазы

    Анарбаев Нургазы

    Anarbaev Nurgazy

    Бапкер

    Тренер

    Coach

    7 Нұрболат Тәліпбай

    Нурболат Талипбай

    Nurbolat Talipbai

    Спортшы

    Спортсмен

    Athlete

    Қытай Халық Республикасы

    Китайская Народная Республика

    People’s Republic of China

     

    Үсенұлы Серік

    Усенулы Серик

    Ussenuly Serik

    Бапкер

    Тренер

    Coach

    8 Достиев Хожиакбар

    DostievKhodzhiakbar

    Спортшы

    Спортсмен

    Athlete

    Тәжікстан

    Республикасы

    Республика Таджикистан

    Republics of

    Tajikistan

    Давлятов Асомиддин

    DavlyatovAsomiddin

    Бапкер

    Тренер

    Coach

    9 Карджыоглу Угур

    KarjyogluUgur

    Спортшы

    Спортсмен

    Athlete

    Түркия

    Республикасы

    Турецкая Республика

    Republics of

    Turkey

    Карслы Зафер

    КarslyZafer

    Бапкер

    Тренер

    Coach

     

    Төлеген  ЖӘКІТАЙ

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *