• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Асыл азамат алпыстан асты

    Қазақтың асыл азаматы, қазақ күресін әлем аренасына шығарған алаштың аяулы ұлы Серік Түкеев 62 жасқа толған туған күнін негізсіз тағылған жалған айыптан қара түнек тар қапаста қарсы алып отыр.

    Қазақ қашанда батырын әспеттеп, жауын жерге тізерлеткен ұлы халық деп жарқын-жарқын айтып жазамыз. Олай болса еш кінәсіз қамақта отырған батыр бауырымызды қалайша ел болып, үн қосып шығарып ала алмаймыз? Осыған таңғаламын. Қажетті жандарды тұзағына қармап, абақтыға жазықсыздан жапқан биліктің кейбір өкілдері мастанып өмір сүріп жатқанда, жазықсыздан жағылған жаладан Серік Түкеев, Ислам Әбішев секілді қазақ күресі мен ел эконикасының дамуына орасан зор еңбек сіңірген тау тұлғалы ағаларымыз тастай суық түрмеде, қара нан мен қара суды жанына талғау етіп күн кешуде. Әділет қайда сонда? Бұл қоғам кандай қоғам? Жақсысын төпелейтін, жаманын көкелейтін қоғам болып бара ма? Дегенмен де үмітімізді үкілеп, асыл ағаларымыздың ортамызға ертерек дін-аман оралуын Алладан жалынып тілейміз. Хадисте: «Сабыр — жақсылықка бастар жол», – дейді. Сабыр етемі, әрине. Алланың нұры түсіп, көре алмайтындарды тәубесіне келтіріп жақсы бір қуанышты хабар болатынына барша қазақ тілеу етеді. Ол күннің де ауылы алыс емес шығар.

     

    Ақын ОРДАБАЙҰЛЫ,

    журналист

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *