• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Бокс кешін көптен бері күтіп келеміз

    Жақында әлемге әйгілі боксшы Майк Тайсон бейнежазба арқылы жаттығу алаңында өзінің жаңа эпикалық бейнесін көрсетті.

    Аты аңызға айналған американдық бокс ардагерлері Майк Тайсон мен кіші Рой Джонс 28 қараша күні Карсон қаласында (АҚШ, Калифорния штаты) рингте кездесіп, шоу жекпе-жек өткізеді.

    Калифорнияның Атлетикалық комиссиясы танымал боксшылардың мүмкіндігінше мол ақша жинауы үшін боксшыларға бас киімсіз жұдырықтасуға және жекпе-жекте жеңімпазды анықтауға мүмкіндік берді.

    Майк Тайсон мен кіші Рой Джонс арасындағы жекпе-жек төрешілердің қатысуымен толық сегіз раундтық форматта өтеді. Көрермендердің қатысуына рұқсат беріле ме, оны жекпе-жек өтетін Карсондағы (АҚШ-тың Калифорния штаты) эпидемиологиялық жағдайға байланысты болмақ. Америкада жекпе-жек ақылы түрде (PPV) эфирінде көрсетіледі. Бүгінгі күні бұл жекпе-жекке жаңа постер де шығарылды.

    Естеріңізге салсақ, 54 жастағы Тайсон рингке соңғы рет 2005 жылы шыққан. Өзінің бүкіл мансабында ол 58 жекпе-жек өткізді,  оның 50-де жеңіске жетіп, 44 кездесуді нокаутпен аяқтаған. Ол алты рет жеңіліп, екі жекпе-жегі жарамсыз деп танылды. Ал кәсіпқой бокспен небары 2,5 жыл айналыспаған 51 жастағы Джонстың 66 жеңісі бар, оның 47-сін нокаутпен жеңіп, тоғызын жеңген.

     

    Думан АРҒЫНГЕЛДІ

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *