• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Онлайн турнирдің жеңімпаздары анықталды

    Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» мен Президенттік сынақ және Президенттік көпсайыс федерациясының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы тестілерінен мектеп оқушылары арасында онлайн турнир өтті. Бұл туралы аталған министрліктің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының баспасөз қызметі хабарлады.

    Оған 11-13, 14-15, 16-17 жастағы 335 оқушы (ұлдар -189, қыздар -146), 13 команда қатысуға өтінім берді.

    Турнирде мына жастағы ұлдар мен қыздар жеңімпаз бен жүлдегер атанды.

    Ұлдар:   11-13 жас

    1. Владислав Торяников (Алматы облысы, Қаратал ауданы, Лермонтов атындағы орта мектеп)
    2. Нұралы Белгібаев (Семей, №37 гимназия)
    3. Игорь Козырев (Семей, А.Ыбыраев атындағы ЖОББМ)

    Ұлдар:   14-15 жас

    1. Сағынбек Хасанов (Атырау қаласы.)
    2. Виктор Скорняков (Ақмола облысы, Біржан сал ауданы.)
    3. Рустам Курдов (Алматы облысы, Қаратал ауданы, Лермонтов атындағы орта мектеп)

    Ұлдар:   16-17 жас

    1. Әліби Жауыр (№3 дарын балаларға арналған интернат-мектеп)
    2.  Сергей Усанин (Ақмол облысы, Біржан сал ауданы.)
    3. Тимур Касянов (Семей қаласы, №1 мектеп)

    Қыздар: 11-13 жас

    1. Дана Павлова (Алматы облысы, Қаратал ауданы, Лермонтов атындағы орта мектеп)
    2. Лаура Галиева (Ақмола облысы, №1 орта мектеп)
    3. Юлия Гуценко (Семей, А.Ыбыраев атындағы ЖОББМ)

    Қыздар: 14-15 жас

    1. Гюзель Эсмерова (Алматы облысы, Қаратал ауданы, Лермонтов атындағы орта мектеп)
    2. Диана Утегенова (Ақмола облысы, №1 орта мектеп)
    3. Виолетта Тыщенко (Ақмола облысы, Бұланды ауданы)

    Қыздар: 16-17 жас

    1. Мәлике Есенова (М.Өтемісұлы атындағы мектеп)
    2. Әсел Мамырбаева (Ақмола облысы, Атбасар қаласы, №9 мектеп)

    Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Жеңістеріңіз құтты болсын! Барлық жас ерекшелігі бойынша жеке біріншілікте жүлдегерлер мен жеңімпаздар электронды дипломмен марапатталады. 1-күш гимнастика түрі бойынша нормативтерді орындаған оқушыларға қосымша сертификат табыс етілді.

    Бір пікір

    1. Валерий

      Наши с мужем внуки с большим энтузиазмом прочитывают новости с этого интернет-сайта. Благодарю покорно созидателю

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *