• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Дарындарды дайындайтын директор

    Кикбоксингтен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия, Еуропа құрлықтарының екі дүркін чемпионы, Әлем кубогының иегері, 1997 жылғы Әлем чемпионатының жүлдегері, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, даңқты спортшы Елмұрат Қайыпжанов Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылындағы  №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры болып тағайындалды.

    2018 жылдан бері талантты жасөспірімдерді спорттың  сегіз түрі бойынша оқытатын мектепте 584 оқушы білім алады. Бұл спорт ордасындағы Бокс бөлімінен 2019-2020 оқу жылдары төрт облыстық чемпион шықты. Оларды Е.Нұрқалықов, А. Дәуітов, С. Ахметов жаттықтырды.  Қазақстан чемпионатында бір оқушы үшінші орынды иеленді (жаттықтырушылары Е. Нұрқалықов, А. Дәуітов).

    Қазақ күресінен бір балуан облыс чемпионы атанды. Оның жаттықтырушысы М. Маметов.

    М. Маметовтың бір оқушысы әлемдегі індетке байланысты Қазақстан чемпионатына бармады.

    Саят бөлімінен Қ.Исабековтың бір оқушысы халықаралық турнирда бірінші орын алды.

    М.Кодековтың бір оқушысы ел чемпионатында құрмет тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Жаттықтырушылар Қ. Исабеков спорт шеберлігіне бір үміткерді, А.Исмаилов төрт спортшыны дайындаса, М.Кодеков бір спорт шеберін шығарды. М.Кодековтің төрт оқушысы Қазақстан құрама командасына қабылданды.

    Ашық сабақтарды А.Исмаилов, Б.Тынышпаев, А.Дәуітов, Е.Нұрқалықов өткізді. Басқа жаттықтырушылар карантинге байланысты өткізе алмады.

    Карантинде қашықтықтан оқу-жаттығу жұмыстарын жаттықтырушылар Е.Нұрқалықов, А.Дәуітов, Б.Сайденова, В. Де, Е.Әлиасқаров, В.Таиров, А.Избуллаев, Ж.Қожамберді, Б.Эрмакашев, А.Исмаилов, М.Кодеков өткізді. Оған А.Әкімжанов, Б.Тынышпаев, П.Данахунов, Ұ.Қожамберді, Е.Ортықов, У.Асанов, Ж.Исахан, М.Тюпеев, Т.Маманов секілді жаттықтырушылар немқұрайлы қарады.

    Осы жылы спорт мектебіне Рахат Дүйсен, Бахтияр Жамалов, Бауыржан Нұрмахан оқуға түсті.  Оларды В.Де жаттықтырады. Ал оқуға қабылданған Ақнар Айдарбек пен Бейбарыс Сүлейменовті  жарысқа спорт мектептің маманы – А. Исмаилов, Ақбота Сматәліді –Е.Әлиасқаров, Айбек Байғалықты  – Б.Эрмакашев, Лаура Қуатәлі мен Дастан Тұрлықожаны  Е. Нұрқалықов дайындайды

    Білім ошағында бокс, еркін күрес, дзюдо, волейбол, футбол секілді Олимпиада бағдарламасына енген спорт түріне қоса қазақ күресі, тоғызқұмалақ, саят өнеріне де баулиды.

    Екі жылдың бедерінде білім ошағының талапты жастары облыстық, республикалық, халықаралық жарыстарға да қатысып, жүлделі оралып келеді. Спорт мектебінің бапкерлері мен оқытушыларына  қойылар басты талап – Қазақстан құрамасына қабылданатын  таланттарды дайындап шығару.

     

    Қуаныш ЖӘНІБЕК,

    Алматы облысы  

    Бір пікір

    1. магазин икон

      Іс-шара?а Н?р-С?лтан ?. Балалар к?ркемсурет мектебі — ЮНЕСКО клубыны? директоры Г?лзия Исенова да ?атысты. Ол К?кшетау ?.  Балалар к?ркемсурет мектебі ?жымын к?рмені? ашылуымен ??тты?тады ж?не балалар шы?армашылы?ын ?олдап, к?рме ала?ын ?сын?аны ?шін Елбасы кітапханасына ризашылы?ын білдірді.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *