• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Жайық жағасындағы жастар жарысы

    Атырау қаласында кикбоксингтен  жастар арасында ел біріншілігі мәресіне жетті. «Атырау» спорт кешенінде бес күнге созылған  чемпионатқа 14 облыстан 200-ге тарта жас  спортшы қатысты. 

    Ел тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орайластырып ұйымдастырылған додада Атырау облысы  әкімінің орынбасары  Бақытгүл Хаменова сөз сөйлеп, жас спортшыларға жеңіс тіледі. Кикбоксинг федерациясының президенті Тастанбек Есентаев облыс басшылығына ауқымды шараны ойдағыдай өткізгені үшін алғысын жеткізді.  Мәдениет және спорт министрлігі мен Атырау облысы әкімдігі бірлесіп ұйымдастырған ел біріншілігінде 2003 – 2004 жылы туған жасөспірім спортшылар жүлде жолында барын салды.

    Қазақстан біріншілігіне құрметті қонақ ретінде қатысып, көрермен болған әлем чемпиондары  Ерлан Шағбан, Фазлиддин Сапаров, Жандос Назарбеков өкшебасар інілерінің ішінде талантты шоғыр өсіп келе жатқанына қуанышты екенін    айтты. Атырау облыстық кикбоксинг федерациясы  біріншіліктің құрметті қонақтарына оқалы шапан жауып сый-сияпат тарту етті.

    Біріншілік  жеңімпаздары мен жүлдегерлері  бағалы сыйлық және дипломмен марапатталып, келешекте  әлемдік додаларда ел  сенімін арқалау мүмкіндігіне ие болды.

     

    Қуаныш КӨШІМБАЙ,

     Атырау қаласы

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *